«Жасыл шырша жанында»
Ертеңгілік барысы: Зал іші әдемі безендірілген. Ортада әдемі шырша.
Шырша жанында Доңыз сыйлықтарды дайындап жүреді.
Әсем әуенмен әдемі киінген балалар жаңа жыл ертеңгілігіне кіреді.
Доңыз:Құрметті балалар, қонақтар! Жаңа жыл құтты болсын! Жаңа жыл құт береке әкелсін! Келіңдер төрлетіңдер, жаңа жылды тойлайық.
Жүргізуші: Сәлем достар аманба,
Нұр берді шырша алаңға.
Жылға шашу шашайық,
Тойлап көңіл ашайық.
Доңыз: Тойласақ тойлайық,
Бірақ шыршамыздың шамы жанбай тұр ғой.
Жүргізуші:Ендеше шыршамыздың шамдарын жағу үшін қолымызды шапалақтайық,
аяғымызды топылдатайық. (Шырша жанбайды)
Доңыз: Балалар, Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық, шыршамыз көңілсіз ғой шамдарын жағып берсін.
Балалар: Аяз ата, Ақшақар, Аяз ата, Ақшақар!
Аяз ата: Амансыңба, ұлдарым
Есенсізбе бе қыздарым
Қандай жарқын жүздерің
Қандай әсем жырларың
Асулармен алысқан
Асау желмен жарысқан
Қасымда бар Ақшақар
Ол да ренжіп қалмасын
Ең бақытты балалар
Оған да ән, би арнасын!
Ақша қар: Сәлеметсіз бе, балалар!
Сәлеметсіз, бе қонақтар!
Жаңа жыл құтты болсын!
Жаңа жыл сізге зор денсаулық, мол бақыт әкелсін!
Жүргізуші: Рахмет, Аяз Ата! Ақшақар! қараңыздаршы біздің шыршамыздың шамдары жанбай тұр. Шырша шамдарын сиқырлы таяғыңызбен жағып беріңізші.
Аяз Ата: Ал таяғым жай тұр ма,
Мына шыршаны сиқырла!
Қуант, бізді, таңырқат
Шамдарыңды жарқырат! (шыршаны жағады)
Хор: Балалар орындауында ән: «Кел, кел, Жаңа жыл»
балалар шыршаны айналып жүріп айтады.
Жүргізуші: Балалар орнымызға отырайық. Ал ендеше жаңа жыл туралы тақпақтарымызды айтайық.
Тақпақтар: 1.Аяз ата келді,
Бізге сәлем берді.
Тақпақ айтқан балаға,
Көп-көп сыйлық берді. (Лаура)
2.Жанадан тақпақ,
Аламыз жаттап.
Жаңа жыл келді,
Жаңа жыл аппақ. (Найрият)
3.Мерекеге келдік,
Тақпақ атып бердік.
Ойыншықтары тізілген,
Шыршаны да көрдік. (Ақмейір)
4.Шыршаға бардық
Әсем ән салдық.
Аяз атадан,
Сыйлықтар алдық. (Аңсар)
5.Аяз ата! Аяз ата!
Құтты болсын,
Жаңа жыл! (Малика)
6.Қала нұр,
Дала нұр.
Құтты болсын,
Жаңа жыл. (Сезім)
7.Аяз ата, Аяз ата!
Кәмпит бізге береді (Айлана)
8.Аяз ата келіп тұр,
Бізге сыйлық беріп тұр. (Томирис)
9.Жаңа жыл!
Жаңа жыл!
Тамаша тойымыз
Өседі бойымыз (Диар)
10.Жаңа жылда Аяз ата,
Сыйлық бізге береді. (Адия)
Би: «Ақшақарлар биі»
Музыка әуенімен Мысық келеді.
Мысық: Пай-пай бұл не деген шу, не деген айқай, балаларды иіскелеп, тышқанды көрген жоқсыңдар ма? Тышқан иісін сезіп тұрмын.
Доңыз:Жоқ тышқанды көрген жоқпыз, бізде жаңа жыл мерекесі, кел одан да бізбен бірге жаңа жылды қарсы алайық. Балалармен бірге ойнайық.
Доңыз: Мысық сенің қандай сүйікті ойының бар?
Мысық:Иә, мен де ойын ойнағанды жақсы көремін. Мен жіп шумақтарымен ойнағанды жақсы көремін. Ал кел, балалар ойын ойнайық.
Ойын: «Жіп шумақтарын жина»
Мысық: Мияу-мияу мен тышқан иісін сезіп тұрмын, мына жерде тышқан бар. Мысық шырша артынан тышқанды тауып алады. Айттым ғой сендерге мында тышқанның иісі бар деп. Міне тышқан! Мен тышқанды жеймін.
Доңыз:Мысық тиіспе тышқанға ол біздің жаңа жылымыз ғой. Келе жатқан жыл тышқан жылы.Тышқан жылы бізге құт береке әкелсін. Мен тышқанға өз жылымды табыс етемін. Мысық сен тышқанмен дос бол ешқашан төбелеспе. Мен енді тышқанға бәрін тапсырамын келесі жылы кездескенше қош сау болыңдар.
Тышқан: Рахмет сіздерге мен осы жылы барлықтарыңызға береке байлық акелемін.
Жақсылыққа бағыттаған
Тышқанмын мен Жаңа жыл!
Жаңа Жылда барлығыңыз
Жаңа үміт таба біл.
Ал, Ескі жыл, аман бол,
Ізбасарың мен болам.
Аман болсын деп тіле,
Елім, жерім, кең далам.
Тышқан:Енді екеуміз дос болайық
Би:«Тышқан мен мысықтың достық биі» (флешмоб)
Хоровод:« Жаңа жыл»
Жарайсыңдар балаларым барлықтарын өнерлі екенсіңдер киген киімдерін қандай әдемі аталарынды бір қуанттындар. Ақшақар қызым маған көмектес балаларға арнап сыйлықтар әкелген едім, соны сыйға тартайық
(балаларға сыйлықтар таратады)
Енді бізді басқа балаларда күтіп отыр, соларға барайық сыйлықтарын табыс етейік.
Қош сау болыңдар балалар!