Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының  "Арайлы" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли - сад "Арайлы" села Зеренда при отделе образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области

СоцСети

 www.facebook.com   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Ғарыш әлемі" кіші топ

Тақырыбы: «Ғарыш әлемі»

Мақсаты: Балаларды ғарыш, ғарышкер, зымыран, аспан әлемі жайлы түсінік қалыптастыру.

Оқу қызметіне қолданылатын көрнекі құралдар:

Үлгі: «Зымыран», видеоролик  «Ғарыш»

Жапсыру жабдықтары; қағаз, қайшы, желім, сулы сүлгі, түрлі-түсті  геометриялық фигуралар.

Оқу қызметінің барысы: Балалар шеңберге тұрады, амандасады.

Шаттық шеңбері:

Арайлап таң атты

Алтын шуақ таратты

Қайырлы күн балалар

Қайырлы күн апайлар.

Сәлем саған , туған жер

Тәрбиеші: Балалар қазір жылдың қандай мезгілі?

Балалар: Көктем (көмекші арқылы бірнеше рет қайталау)

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар.

Тәрбиеші: Балалар өскенде кім болғыларың келеді?

Балалар: Мен тігінші, мен дәрігер, мен мұғалім, мен ғарышкер.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар,  балалар осы мамандықтардың қас шебері болыңдар.

Ал,  сендер білесіңдер ме?  Ғарышкер ағаларымыз зымыранмен ұшады екен. Оны ғарыш кемесі деп атайды.Олар ғарышқа ұшып барып, аспан әлемін зерттейді. Біз бүгін ғарышкер  ағалармен,  аспан әлемімен танысамыз.Барлығымыз теледидарға қарайық.

Балалар теледидар бетіне қарай отыра ,бүгінгі сабақпен танысты.

Бейнетаспа: Ю.А.Гагарин ағамыздың тұңғыш ғарышқа ұшқан бейнетаспасын тамашалайық

1 слайд

Содан бері 12 сәуір- ғарышкерлер күні мерекесі болып аталып келеді. Ғарышқа тұңғыш рет ұшқан Ю.А. Гагарин.Осы жарты ғасыр ішінде жүздеген ғарышкерлер ғарышқа ұшты. Солардың ішінде Қазақстан елінің де батырлары бар.

2 слайд. Ол ғарышқа тұңғыш ұшқан қазақ Тоқтар Әубәкіров ағаларың, ғарышқа бір емес үш рет ұшқан Талғат Мұсабаев ағаларың. Бұл ағаларымыз біздің мақтаныштарымыз. Олар ержүрек, батыр, халық хаһармандары.

Сергіту сәті: Балалар бізді белгісіз ғаламшар тұрғындары биге шақырады, билеп бойымызды жазып алайық (бейнетаспа арқылы).

Тәрбиеші: Балалар , сендер де ғарышқа ұшқыларың келе ме?

Иә, ұшқымыз келеді.

Ойын: «Мен ғарышкер боламын!»

Ендеше,  мына зымыранға қарайықшы.Дене бөлшектері қандай геометриялық пішіндерге ұқсайды?

Балалар: Төрбұрышқа,  шаршыға, ұшбұрышқа, дөңгелекке.

Тәрбиеші: Өзімізге осындай зымыран құрастырсақ қайтеді?

Тәрбиеші: Ендеше, алдарыңда әртүрлі фигуралар, суретке қарап отырып, зымыран құрастырып,ақ қағазға жапсырайық.

Қорытынды:   Сұрақ-жауап, «Ғарыш әлемі» көрме тамашалау

Жаңартылған күні: 12.04.2021 15:54
Құрылған күні: 12.04.2021 15:54

Текст