Баланың бөбекжайға бейімделуі
«Балалық шақ - адам өміріндегі ең маңызды шағы, болашаққа дайындығы емес, нағыз, жарқын, қайталанбас өмір.
Осы шақта қолынан кім жетектегені, қоршаған ортадан жүрегі мен санасына не қонғанын - осы деңгейге қарап шешуге және
бүгінгі сәби қандай адам болатыны байқалады».
В.А. Сухомлинский
Балалар үшін балабақшаға келуі бастапқы кезеңде өте қиын .Бейімделу прцессін жеңілдету үшін, бұл кезеңде балаға ерекше көңіл бөлген маңызды. Бала отбасында қаншалықты балабақшаға дайындалған болса, соншалықты бйімделу кезеңінен тез және қолайлы өтеді.
- Баланың әлеуметтенуі қашан қайда басталады?
Әрине бірінші отбасында және балабақшаға келгенде. Балабақшаға таныс емес үлкен адамдармен, балалармен танысады, мінез-құлық ережелері мен нормаларын меңгереді.
- Жаңа жағдайға бала қалай үйренеді?
Өкінішке орай балабақшаға бейімделу көбінесе қиын және ауыр өтеді. Бала тамақ ішпейді, ұйықтамайды, балалармен және үлкен адамдармен араласудан бас тартады да, қоршаған ортаға деген қызығушылығы төмендейді, ойыншықтарды ойынға қатыстырмайды. Баланың балабақшаға қиын бейімделу себептері: басқа адамға бұрын қалып көрмегендіктен, дәретке өзі отырып үйренбегендіктен, кейбір тағамдарды жеу дағдысы жоқ, мысалы қызылша, орамжапырақ, қатты тамақты шайнап үйренбеген балабақшаға келген алғашқы күндері бала 2 сағатқа қалу керек. Көбінесе ата-аналар жұмыс тәртібін айтып, баланы күні бойы балабақшаға қалдырады. Осының нәтижесінде күрделі және созылмалы мәселелер пайда болады.
Ата-аналардың балаға эмоционалдық әсері көбінесе жағдайды қиындатады. Әр отбасында бейімделудің үш түрі бар, жеңіл түрі - баланың мінез-құлығы 10-15 күнде қалпына келеді. Орташа ауырлық бейімделу - 1 айдың ішінде, ауыр бейімделу - 2 айдан 6 айға дейін өтеді.
Қобалжулары қатты ата-аналардың балалары да балабақшаға қиын бейімделеді, өйткені ата-ананың қобалжуын көріп, баланың қорқынышы ұлғая бастайды. Осы кезде ата-ана балаға көмек беруі керек.
Егер сіздің балаңыз көпшіл, өз жақындарыңызбен бірге бөтен адамдарды жақтырмаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық өз құрдастарымен мейірімді болса балабақшаға келген күннен бастап ақ, үйреніп кететініне сеніңіз. Баланың балақшаға барлық бейімделу уақытында психологпен балабақшаның медико қызметі бақылауға алады.
Көптеген балалар балабақшаға 2 жастан бастап бара бастайды. Кейбіреулері үшін үй жағдайынан басқа ортаға ауысу, таныс адамдармен, ойыншығымен қалысып келесі бір ортаға тез үйренісіп жатса, ал басқалары үшін үлкен күйзеліс. Мінез құлқындағы өзгеріс, денсаулығындағы кедергілермен көңіл күйінің болмауы одан әрі күйбеленшілікке, жүйке жүйесінің бұзылуына әкеліп соғады. Кез келген балаға алғашқы рет балабақшаға бару - үлкен күйзеліс. Бұған дайын баланың өзі жаңа ортаға үйрену барысында күйзеліске ұшырайды:
2-3 жастағы нәресте ойыншықпен ойнауға, басқа баламен тіл табысуға немесе түсінуге, қалағанын сұрауға, ойын жеткізуге, сезімін білдіруге қауқарсыз. Бөгде адамдардан қорқатын да балалар кездеседі.
Тәрбиешілер үшін де топқа жаңа балалардың келуі - үлкен сын. Осы кезде балалардың арасында дұрыс көзқарас, достыққа негізделген берік орта қалыптастыру керек. Одан кейінгі талаптар, оқу үрдісі, жеке басына қызмет көрсету тағы басқасы толықтырылып отыратындықтан, бала ортаға тез бейімделеді.
Кейбір балабақшаларда психолог,тәрбиеші ата-аналармен әңгіме жүргізеді, кейбір кезде медбике, дәрігер немесе сол топтың тәрбиешісі сол іспен айналысады. Ал кейбір жерде қабырға газеттеріндегі ақпаратпен шектеледі, әрине ол жеткіліксіз.
Ата-аналар мен тәрбиешілер бейімделу кезеңінің ұзақтығы мен әсерін, әртүрлі жағдайлармен алдын ала танысулары керек.
Ата-аналарда өз тараптарынан балаларының жаңа өзгерістерге икемделуін, ортада өзін ұстау ерекшеліктерін айтуы қажет. Егер баланы ерте бастан күн тәртібіне үйреткен болса, өздігінен әжетханаға сұрана алатын болса, ұнтақталмаған немесе әртекті тағамға дайын болса, ойыншықтармен ойнай алатын болса, басқа балалармен тіл табыса алатын болса, тәрбиешіге сенімді болса, онда бейімделу кезеңінен жеңіл өтетіні анық. Ал егер керісінше бала бұл жағдайларға дайындалмаған болса, кейбір жағдайда жүйке жүйесінде олқылықтар болған болса, онда өкінішке орай, ондай баланың жаңа ортаға бейімделу үрдісі қиындай түседі.Кейбір балалар 2 жас шамасында келеді және өздігінен жүре алмайды, астар киеді, өздігінен тамақтана алмайды және ойнауды білмейді, басқа балалардан жатырқайды, сонымен қатар анасын үнемі сағынады. Енді біреуі 3 жаста келеді және не нәрсеге болсын икемді, бірақ балалар ортасына қалыптаспаған, итеріп және ұрып жіберуі де мүмкін. Осыған байланысты белгілі бір қысқа мерзімде барлығын, не болып жатқанын және олардан не талап етілетінін ұғатын бір деңгейдегі топты жинақтау қажет.
Балабақша - баланың «жаңа өмірге» деген алғашқы қадамы.Балабақшаға бейімделу кезеңі бала мен анаға аса ауыр тимеуі үшін, баланың да, оның ата-анасының да балабақшаны ұнатуына көмектесетін қарапайым ережелерді басшылыққа алған жөн:
«Күншуақ» ерте жас тобының тәрбиешісі:Габдулина Ж.Ж