Текст
Бүгін бөбекжай балалары «Зерделі Зеренді» жобасы аясында серуенге ауылымыздың маңызды орны «Балқадиша» ескерткішіне барды. Балқадина әнінің тарихы туралы ақпарат алды және әнің тыңдады. Жаңадан тағы бір маңызды орын пайда болғанын естіп, әскері көліктер шағын паркін көруге барды. Балалар эмоциясы бұл жерде қуантарлық. Педагогтер балаларға ұшақтар туралы және ауыр техника туралы айтып үлгермей жатты, балалар өздері, әсіресе ұлдар танк, самолет туралы білгендерін жарыса әңгемеледі.
Білім бөліміне және жеке кәсіпкер Абайдоллаева А.С. осы экскурсияның болуына себепкер болғандары үшін зор алғыс білдіреміз.