Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының  "Арайлы" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли - сад "Арайлы" села Зеренда при отделе образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области

СоцСети

 www.facebook.com   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жаңа жылдық ертеңгілік сценариі

Акмола облысы

Зеренді селосы

«Арайлы»бөбекжайы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                     «Төрле, құтты жаңа жыл

 атты ертеңгілік

 

 

                          «Ақбота» 2-ші кіші тобы

 

 

                                                                          Тәрбиешілер:

Сандыбаева М.А.  

Габдулина Ж.Ж.

 

 

 

 

 

 

 

2019 ж

 

Доңыз: Төрле, төрле жаңа жыл!

Төрле, төрле құтты жыл!

Жаңа жылды қарсы алып,

Жасаймыз той жылда бір.

 Құрметті ата-аналар және қонақтар! Баршамызға келе жатқан жаңа Тышқан жылы құтты болсын! Әрбір шаңыраққа бақыт, береке, бірлік әкелсін. Балаларымыз аман болсын дей отырып, біздің «Төрле, құтты жаңа жыл!» атты тойымызға қош келдіңіздер.

Жүргізуші: Бүгін келді жаңарып,

«Ақбота» тобы ортаға.

Би билейді ән салып,

Жасыл шырша жанында.

-Балалар, қазір бізде қандай жыл мезгілі? (дұрыс, қыс мезгілі)

- Қыс мезгілі екенін біз қайдан білеміз? (қар жауады, аяз болады, боран соғады)

-Қыс мезгілінде біз шана мен коньки тебеміз, шаңғымен зырлаймыз, қардан аққала мүсіндейміз.

-Ал қыс мезгілінде қандай үлкен әдемі мереке бар?

(Осы кезде шыршаның артынан Аққала шығады)

-Сәлеметсіңдер ме, балалар, қонақтар! Жаңа жыл мереке баршамызға құтты болсын! Жаңа жыл молшылық, бақыт әкелсін.

-Мені таныдыңдар ма? Мен Аққаламын, сендермен қыс бойы бірге боламын.

-Балалар, менің қолымда не бар, кім біледі?

-Сендер кәмпит жеуді жақсы көресіңдер ме? Кәмпитті көп жеуге болмайды.

Аққала:Кім маған кәмпитті ашуға көмектеседі? (бір баланы шақырып алады)

-Ішінде не бар екен, қалай ойлайсыңдар? (ойыншықтарды тартып шығарады)

-Осы әдемі ойыншықтарды әдемі шыршамызға апарып ілейікші?

 -Ал енді менімен бірге қимылдар қайталапби билейді.

«Аққала» биі

               

Жүргізуші:Нұрландырып маңайды,

                      Шырша шамы жағылсын.

                      Жаңа жылдың құрметіне,

                      Ақ тілектер айтылсын.

Балалар, бізде бүгін жаңа жыл мерекесі. Ал жаңа жылдың сәні не? (шырша)

-Қараңдаршы, біздің шыршамыз қандай?

-шырша әдемі, үлкен шырша, жасыл шырша. Бірақ, шырша көңілсіз тұр, шамдары жанбай тұр?

Аққала:Сендер шыршаны жаға алмайсыңдар, оған сиқырлы сөздер айту керек. Сиқырлы сөздерді білесіңдер ме?

Доңыз: Балалар шыршығы үрлеп шапалақтар соғайықшы. Шамдар жаңбайды. Енді не істейміз балалар?

Аққала: Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық

Жүргізуші: Ия балалар, біздің мерекеге Аяз ата мен Ақшақар жетіспейді. Жаңа  жылдың сәні шырша, ал жаңа жылдың иесі Аяз ата мен Ақшақар.

-Оларсыз мереке өтеді ме?

 Енді қарап тұрмайық,

Бәріміз бірге дауыстап

Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық!

Балалар: Аяз ата Ақшақар! (хормен 3 рет қайталау).

Доңыз: Балалар, Аяз ата мен Ақшақар келгенше бір ойын ойнайыкшы.

Ойын «Кім жылдам?»

Доңыз:  Балалар, Аяз ата мен Ақшақар келе жатқан сияқты. Қардың сықырын естідіңдер ме? Аққала, Аяз ата мен Ақшақарды қарсы алайықшы. 

Аяз ата: Амансыңдар ма, балаларым!

                Амансыңдар ма, ұлдарым!

                Және, менің сұлу қыздарым!

                Қандай жарқын жүздерің!

                Қандай әсем жырларың!

                Шаршап келдім алыстан,

                Өздеріңе оралдым

                Келіп-тұр ау демалғым!

Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме, балалар, қонақтар! Жаңа жылдарың құтты болсын!

Сүйсіңдірер маңайды

Ақшақармын арайлы.

Жалт-жұлт еткен жүзімнен,

Күміс сәуле тарайды.

Ақшақармын аппақпын,

Қалай тыныш жатпақпын.

Менсіз қыстың сәні жоқ,

Әнмін, жырмын, тақпақпын.

                

 

Жүргізуші:Сәлеметсіздер ме Аяз Ата, Ақшақар! Қош келдіңіздер, алыс жолдан келдіңіздер! Бізде әсем әні де, биі де бар.

Отыр ата, сәл демал. Бірақ, Аяз ата сіздің көмегіңіз керек еді, біздің шыршамыздың шамдары жаңбай тұр.

Аяз ата:Ал енді менімен бірге бәріміз қатты – қатты сиқырлы сөздерді айтып, қайталайықшы:

 1,2,3 – шыршаны жағамыз! (3 рет қайталау)

Доңыз: Шыршамыз жарқырап айналаға қуаныш сыйлауда. Шыршаның құрметіне ән айтайық.

Ән «Жаңа жыл»

 

Жүргізуші: Жаңа жылда жаңаша
Тақпақ айтамыз.
 Болсын риза Ақшақар,
Аппақ атамыз.

Біздің балаларымызды тақпақтарымен ортаға шақырамыз

Жаңа жыл, жаңа жыл,             Еркежан

Қош келдің тағы да.

Дайындап жаңа жыр,

Бііз қүттік сағына

 

Аяз ата аппақ,Алихан Б

Кәмпиттері тәтті-ақ.

Маған кәмпит көп берсең,

Тағы айтам тақпақ

 

Безендіріп шыршаны,Аруна

Жыл қуантты баршаны

 

Жаңа жыл келді,Арман

Көп сыйлық әкелді.

 

Жаңа жылда жаңаша             Айзере
Тақпақ айтамыз.
 Болсын риза Ақшақар,
 Аппақ атамыз

 

Жаңа жыл мол болсын!        Алиша

Сыйлықтар көп болсын!

 

Жүргізуші:Әуеледі әніміз, жаңа кірді сәніміз

Ақшақарды ортаға алып,

Би билейді қыздарымыз.

Қыздар «Қарқылау» биін билейді.

Доңыз: Аяз ата біздің балалар сізге тағы да тақпақ айтамыз дейді.

Аяз ата келіп тұр,Сабина

Бізге сәлем беріп тұр.

 

Жасыл шырша жанынаАйлана

Келді Аяз ата!

 

Жап-жасыл шыршамыз,Арсен

Қандай тамаша.

асында жұлдызы,

Әдемі соншама.

 

Қызыл ала шапаны,Нұрғали

Сағындым Аяз атаны

 

Жаңа жыл! Жаңа жыл!           Әділхан

Жаңа жыл келді!

 

Жаңа жыл келді,Бақтуар

Жаңа жыл аппақ.

 

Дала нұрғ қала нұрОнур

Құтты болсын жаңа жыл!

 

Аппақ тонға оранып,      Медина

Базарлықты мол алып

Келді алыс сапардан,

Аяз ата оранып.

(осы кезде Тышқанның дауысы шығады. Балалар ненің дауысы екенің анықтайды. Ортаға шиқылдапТышқанжүгіріп кіреді).

Тышқан: Сәлеметсіңдер ме балалар, сәлеметсіңдер  қонақтар!

Мен Тышқанмын, мен жаңа жылмын!

Мен тұрмын қуанып,

Шаттыққа бөленіп.

Біз жыл бойы сіздермен

Дос болайық шаттанып.

Жүргізуші:Жаңа жыл, жаңа жыл,
Қош келдің тағы да!
Дайындалып жаңа жыр,
Біз күттік сағына.

Доңыз:Балалар, менің жылым аяқталып келеді. Мен ескі жылмын, сендерге молшылық, бақыт әкелдім. Енді менің кететін уақытым келіп қалды.

Қуанышпен ортамыз,

Ашық болсын аспанымыз!

Гүлденіп көркейе бер, Қазақстаным!

Аман болайық баршамыз!

Келесі жыл бастауын мен Тышқанға  берем.

Аяз ата: Балалар мен кішкене демалдым, сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр. Сен Доңыз бізбен бірге ойна.

«Сиқырлы пойыз» ойыны

Шарты: балалар Аяз атаның артына тұрады. Мен пойыз болам, ал сендер менің вагондарым боласыңдар. Пойызбен көңілді жүріп,аялдамаларда тоқтаймыз.

-Дайынсыңдар ма?Ал кеттік!

Музыка әуенімен шеңбер бойынша жүреді.

-СТОП! «Шапалақ» аялдамасы. Қатты шапалақ соғамыз. Ары қарай кеттік!

-СТОП! «Топылдау» аялдамасы. Қатты топылдатамыз. Ары қарай барамыз!

-СТОП! «Секіру» аялдамасы. Жоғары секіреміз. Кеттік алға!

-СТОП! «Отыру-тұру» аялдамасы. Отырымыз, тұрамыз. Жарайсыңдар!

-СТОП! «Құшақтау» аялдамасы. Бір-бірімізді қатты құшақтаймыз.

-Сендерге ойын ұнады ма, балалар? Осымен орындарымызға барып отырамыз.

 

               

 

Доңыз:Балалар сендерге ойын ұнады ма? Маған да өте ұнады, рахмет сізге Аяз ата, бірақ маған кету керек. Сау болыңдар балалар!

Балалар:Сау бол, Доңыз.

Жүргізуші: Аяз ата,Тышқан балалардың тақпақтарын қабыл алыңыздар:

Сақалы аппақ күмістей,Айша

Тістері аппақ күріштей.

Қызыл ала шапаны,

Сағындым аяз атаны.

 

Жаңа жыл келді,Алихан Ж

Қуантты біздерді.

 

Кел жаңа жыл біздерге,Тахмина

Кел жаңа жылғ жаңа жыл!

 

Жаңа жыл қуантты,              Таня

Жаңалық таратты

 

Аяз ата келеді,Дария

Бізге сыйлық береді.

 

Тамаша, тамашаНәби

Аяз ата келеді.

Әнімізге қосылып,

Бізге сыйлық береді.

 

Келді, келді жаңа жыл,          Айсель

Қуанып, қарсы ала біл.

Ән «Тоғайда туды жас шырша»

Аяз ата:Жарайсыңдар балаларым, мені бүгін бір қуантып, көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың ақылды, білімді және өнерлі екенсіңдер. Киген киімдерің де қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Енді біз Ақшақар екеуміз сендерге сыйлықтарымызды сыйлайык.  Біздің сыйлықтарымызға риза болыңдар. (сыйлықтарды таратып береді).

Аяз ата: Ал енді біз жолға шығайық. Басқа балалардың өнерін тамашалайық. Сендер өсіп, өркендей беріңдер, үлкендерді тындаңдар!  Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар! (қолдарын бұлғап кетеді)

Жүргізуші:Құрметті қонақтар, балалар! Жаңа жылға арналғанмерекелік тойымыз аяқталып калды. Біздің ата-аналарымызға, әріптестерімізге алғысымызды айтамыз!

Жаңа жыл құтты болсын!  Отбасыларыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!

Жаңартылған күні: 10.01.2020 14:51
Құрылған күні: 10.01.2020 14:51

Текст