Алғашқы қадам жобасын іске асыруда
«Болашақ оқушының жетістігі»
«Болашақ оқушының жетістігі - мұғалімнің жетістігі, ал мұғалімнің жетістігі жаңа әдіс - тәсілдерді тиімді қолдануында».
Бүгінгі жылдам дамып,өзгеріп отырған қоғам талаптарына сай,лайықты ұрпақ тәрбиелеу парызымыз.
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев «Білімді ұрпақ қалыптастыра алған мемлекет талабы мен талғамы күн санап жоғарылап отырған мына заманның бар қиындығын тізе бүктіріп,әлемді мойындата алады» деп атап көрсетті.
Сондай-ақ «Біз қазіргі заманның жаңаша талаптары мен үрдістеріне әрқашан сай болуымыз керек. Бұл үшін бір орында тұрып қалмай,ілгері жылжу басты мақсат болуы тиіс. Сондықтан білімі терең ойы озық ұрпақты тәрбиелейтін мұғалімдер қауымына зор жауапкершілік жүктелген.
Біздің бүгінгі шәкірттеріміз - Қазақстанның жарқын болашағы», - деп айтатын болсақ, бүгінде жаңа қоғам мұғаліміне жүктелер жүк еселене түсуде. Ұстаз қауымы алдында жай білім беру ғана емес, сонымен қатар, өркениет көшіне жол бастайтын әрі ұлттық рухта сусындаған білімді, дарынды азаматтар тәрбиелеп шығару.
«Ұстаздық - ұлы іс» деп кемеңгер жазушымыз М. Әуезов айтқандай, бұған лайық болу - үлкен абырой, басты борышым деп есептеймін. Мұғалім - мамандық болса, ұстаздық қасиет, табиғат дарытқан құдірет екен. Бойыңа қуат, жүрегіңе жарық жігер беріп өрге сүйрейтін де, жаныңа азық, өміріңе өзек боп төрге сүйрейтін де осы ұстаздық қасиет. Қазағымның, елі мен жері және ана тілінің мерейін өсіретін ұстаздық ұлағатты істе адал болу - абыройлы іс.
Балабақша тәрбиешісі болу мен үшін үлкен мақтан әрі бақыт. Осы мектепке дейінгі ұйымда тәрбиеші болып істеп келе жатқаныма 24 жыл. Шәкірттерімді көргенде өз еңбегіңе деген ризашылық пен ерекше қанағат сезімді байқайсың. Одан әрі құштарлана, ынталана аса бір махаббатпен, сезіммен алға ұмтыласың. Басқаға керек болу үшін жаралудың өзінде үлкен мән мен мағына жатқанын айқын аңғарасың. Жаңа бір үміт, мақсат пен міндетті жалау етіп, тағы да соны бағындырғың келіп тұрады. Өзіңнің тірнектеп жинаған тәжірибеңді, үйрете жүріп үйренген тағылым - пәрменіңді, білім - білігіңді үлкен істермен ұштастырғың келіп кетеді. Өзіңе деген ынта - ықылас, сенім артып, жауапкершілікпен іс тапсырса асқан құлшыныспен еңбегіңді еселей түсуге ұмтыласың. Азды - көпті еңбегің бағаланып жатса, қолыңнан іс келеді деп сенетін әріптес табылып, шын ниетімен қамқорлық жасап, жұмыс істеуге жағдай жасаса, кәсіби шеберлігің мен ұстаздық қызметіңе ерекше назар аударса, кім - кімге де болсын соны серпіліс деп ойлаймын. Адам баласының өзінің ұзақ тарихында жасаған рухани, мәдени қазынасы, қымбатқа түскен, тәжірибесі соның ішінде көргенділік деп аталатын адамгершілік тәлімгерлік тағылымдары ұрпақтан - ұрпаққа осы ұстаздық үрдіс арқылы беріліп, жалғасын табуда. Қазіргі оқыту үйретудің мазмұны да, сипаты да соған, орай амал - тәсілдері де күрделене түсуде.
Осыған орай ұстаздықтың мәні жаңа сипаттарға ие болуда. Демек, ұстаздың білімі мен өнерінің жеке қиын саласына үйретуге өте мұқият бағыт ұстауы, білім - біліктің тармақтылығын жете үйретілуі талап етілуде.. Осындай күрделі де қиын жауапкершілікті арқалаған педагог тәрбиеші , біздер, өз пәніне қатысты үнемі білімін жетілдірумен, сабақ өткізу шеберлігін таңдаумен бірге педагогикалық - психологиялық өрісін өсіріп отыруға міндетті деп білемін. Ізденіс мен үшін әрқашан теориялық білімді кеңейтіп, методикалық әдіснамамды арттырудың тиімді жолы болмақ. Сол арқылы келешек ұрпақтың сапалы білім алуы қажеттілігін жадынан шығармай кәсіби мәдениеті жоғары, білікті маман атану. Сонымен бірге қазіргі таңда білім беру саласындағы әлемдік білім кеңістігіне ұмтылуға байланысты мұғалім дайын білімді беруші емес, бағыттаушы екенін түсінуі қажет. «Оқушының жетістігі - мұғалімнің жетістігі, ал мұғалімнің жетістігі жаңа әдіс - тәсілдерді тиімді қолдануында» дегендей осы үйренген жаңа тәсілдерді еңбек жолымызда тиімді пайдалану. Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық модулдерді пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу – тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді және оқушылармен қарым - қатынасты нығайту. Оқушылар іс - әрекетін сыни бағалау арқылы өз бойында төмендегідей дағдыларды қалыптастырады. Қиындықты мойындап, оларды шешудің тиімді әдістерін іздеуге үйренуді, тиісті ақпаратты жинақтауға, сұрыптауға дағдыланады, нақты және түсінікті сипаттама беуге үйренуді, тақырыпты жақсы қабылдап дәлелдемелерді, бағалау үшін нәжижелерді өз бетінше түсінулері.Алдағы уақытта заманауи әдіс - тәсілдерді өз тәжірибесіне қолдану біздің мұғалімдердің еншісіне тиіп отыр. Ұстаздық тағы бір ерекше қасиеттерінің бірі - жетелеуші, алға ұмтылдырушы үлгермеушілерді жақсы оқушылар санатына қосу жолында еңбектенсе, қиын оқушыларды тәрбиелі оқушылар қатарына қосу мақсатында, дарынды оқушыларды биіктен көрсету жолында аянбай тер төгу керек.
Осындай қасиеттер бойынан табылатын ұстаздар, сондай - ақ мәдениетті, сөйлеу мәнері ерекше, сөзге шешен, киген киімі, кескін келбеті сыпайы, көзі бар, көкірегі ояу оқушы алдында үлгі болу керек. Сондықтан қоғамдық даму заңдылығы тұрғысынан ұстаздық түпкі мұраты шәкіртті өз деңгейінде жеткізу ғана емес өзінен озып, ілгері кетуіне негіз қалау болуға тиіс.
Халық: «шәкірт ұстаздан озса, игі» деп тегін айтпаған ғой. Сол себепті осы айтылған ұстаз болудың негізгі қағидаларын өз еңбек жолымызда қолданып, одан әрі дамыту үстінде болайық..
Ғылыми педагогиканың негізін салушы ұстаз Ыбырай Алтынсарин мұғалімнің қоғам алдындағы рөлін нақтылай айта келіп, «салып жатқан үйдің жақсы болуы, оның іргесінің берік және мықты қалануына байланысты болатыны сияқты, біздің қолға алып отырған ісімізді де, қазақ мектептерінің бар келешегі көбінесе істің қазіргі басталуына байланысты. Сондықтан да мен қазір жақсы оқытушыны дүниедегі заттың бәрінен де артық көремін,»- деген пікірі бүгінгі күні өз мемлекетінің ірге тасын қалап жатқан қазақ халқының, мұғалімге қоятын талабы ретінде естілді. Мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, ол үнемі оқушылармен қарым - қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала тағдырына басшылық етуді мойынына алған адам. Мұғалім алдынан бір - біріне ұқсамайтын, әр қайсысының өзіндік ерекшелігі бар мыңдаған шәкірттер өтеді. Бірақ, олардың барлығын бір жүйеге бағындырып қарататын – ұстаздың «тактикасы». Ұстаздың үздік қасиетінің яғни, шын мәніндегі үлкен абырой - беделінің тәрбиелік күші шәкірттерінің, соларды мойындай отырып, сол әсерге міндеттеусіз, өз ерік - қалауымен берілуінде, еліктеуінде. Өз ісіне деген, түсіндіретін тақырыбыңа деген сүйіспеншілікті оқушыға деген сүйіспеншілікпен ұштастыра алғанда, шәкіртің саған сеніп, тәнті болып, болмаса да « ұқсап бағып» айтқаныңды екі етпей, тапсырманы ауырсынбай, оны шын пейілімен, бар ынтасымен және шабытпен орындап шығады екен. Өнегелі ұстаз - өнерлі шәкірт. Шәкірт жеңісі - ұстаз жемісі.
Ендеше «ел келешегі - ұстаз қолында»- деген лепті тұжырымды баса айта отырып, өнімді шығармашылықты өрістету жолында өркениет шыңына ілгері, басу мақсатында шебер ұстаздарымыздың саны жыл санап, арта берсін деген тілегімді білдіремін.
Оқушыларды алғырлыққа байқампаздыққа ,шығармашылыққа, еңбекқорлыққа, ең бастысы –ғылыми негізде ынтасын арттыруға жетелеуде.
Адал еңбек пен еңбекқорлық мәдениетін кеңінен насихаттау мақсатында «Алғашқы қадам» жобасы жүзеге асырылады.
Жоба еңбек адамының мәртебесін көтеруге, еңбегін, шыңдауға дәріптеуге бағытталады. Жоба шеберінде білім алушылардың өз міндетін адал және жауапкершілікпен атқаруға баулуды және еңбек адамын құрметтеуге үйретуді көздейді.
Білім алушыларға өзіне жүктелген міндетті орындау үшін барын салып еңбек ететін білікті маман нағыз еңбек адамы екендігін дәріптеуді қажет етеді. Нағыз еңбек адамы әр ісіне, әр қадамына жауапкершілікпен қарайтын, өзегінің еңбегін бағалайтын адал азамат екендігін түсінуі.
«Арайлы» бөбекжайы «Қарлығаш» мектепалды тобының тәрбиешісі:Жексенбаева Г.Қ