«Педагог қандай болуы керек»
Қазақстан Республикасының алғашқы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында:
“Кішкентай бүлдіршіндердің дамуына ықпал ететін үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы ретіндегі мектепке дейінгі білім беруге баса назар аударған жөн” деген.
Мектепке дейінгі ұйымдарда білім сапасын арттыру аса маңызды мәселе. Тәрбие мекемесінің тәрбиеші педагогтар қауымы кәсіби шеберліктерін үнемі шыңдап, өз білімдерін жетілдіруге жүйелі көңіл бөліп, ұжымның шығармашылық бағыт- бағдарын айқындап, оны жүзеге асыруға белсенділікпен ат салысу қажет.
Тәрбиешіге қойылатын бүгінгі күннің талабы – тиянақты біліммен қатар балалардың ой-өрісін, тілін, танымдық белсенділігін арттыру, қарапайым математикалық әдіс - тәсілдерін қолдану арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту. Жоғарыда аталған сипаттамаларға сәйкес, педагогикалық іс-әрекет білім, қабілет, дағдылармен ұштасады, педагог - тәрбиеші оқу - тәрбие жоспарын тиімді, нәтижелі ұйымдастыру үшін бағдарлық ұйымдастырушылық қабілеттерімен қатар педагогикалық жаңа технологиялар негіздерін меңгеруі тиіс.
Қоғамымыздың ертеңгі болашағын – жеткіншектерді халықтық педагогика бағында тәрбиелей отыра, олардың жаң –жақты болып дамуына зор көңіл бөлу бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі.
Барлық ойдағы жиған – терген асылдарын бір жерге топтай келе мен тәрбиеші болуды қаладым. Тәрбиеші болу – саналы ғұмырды өміріміздің ертеңі, көңіліміздің желкені жас ұрпаққа мейлінше молынан арнау болып табылуы жай ғана айтыла салғанымен бұл қалыптағы жұмыстардың да қаншама қызыққа толы екендігін көрдім де осы жолды таңдадым. Таңдай жүріп өз таңдауымның теріс еместігіне көзімді жеткізген соң тәуба айтып, мамандығымның мағыналы жұмыс екендігін сезіндім.
Мен үшін осы мамандықтан артығы жоқ. Өйткені бала ешкімді алдамайды. Бала нағыз әулие, періште. Осы періштелерім аман болып, балабақшамызға тездетіп оралсын деп тілеп карантиннен кейінгі қушақ жайып қауышатын күнімізді асыға тосамын.
«Арайлы» бөбекжайы, I санатты тәрбиеші М.А. Сандыбаева