Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының  "Арайлы" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли - сад "Арайлы" села Зеренда при отделе образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области

СоцСети

 www.facebook.com   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бейімделу туралы ақпарат

«Балалардың балабақшаға бейімделуі»

Бейімделу – қоршаған орта жағдайына үйрену. Балалар үшін балабақшаға келу бастапқы кезеңде өте қиын .Бейімделу прцессін жеңілдету үшін, бұл кезеңде балаға ерекше көңіл бөлген маңызды. Бала отбасында қаншалықты балабақшаға дайындалған болса, соншалықты бейімделу кезеңінен тез және қолайлы өтеді.

Бала балабақшадан не алады? Әуелі, баланың өз құрдастарымен қарым-қатынас мүмкіндігі қалыптасады. Екіншіден, баланың интеллектуалдық және физикалық дамуы үшін мүмкіндік алады.

Әрбір бала балабақшаға алғаш келгенде бейімделу кезеңінен өтеді. Жалпы, адаптация ұғымы латын тілінен аударғанда икемделу, бейімделу деген мағынаны білдіреді. Балабақшаға келгеннен кейін баланың күнделікті өмірлік жағдайы күрт өзгереді. Мектепке дейінгі жастағы балалардың бейімделу мүмкіндігі шектелгендіктен, балалардың жаңа әлеуметтік жағдайға жылдам ауысуы және күйзелісте күні бойы балабақшада өткізу баланың көңіл-күйінің бұзылуы мен психофизикалық дамуының төмендеуіне алып келеді. Баланың өмірінде бейімделу өте күрделі құбылыс болып табылады. Бейімделу кезеңі қиын және ұзаққа созылуы мүмкін. Қиындықтан шығу үшін және бейімделуді жеңілдету үшін баланы жанұядан балабақшаға біртіндеп үйрету керек. Балабақшаға келген баланың өмірінде мынадай өзгерістер болады: қатаң күн тәртібі, күні бойы ата-анасынсыз қалуы, тәртібінде жаңа дағдылардың талап етілуі, бейтаныс жер, бөгде адамдар. Осы өзгерістің барлығы балада бір мезетте болғандықтан, бала күйзеліске түседі, тамақтан бас тарту, жиі науқастану, мінез-құлқының жиі өзгеруі байқалады.

 Бірінші күні балабақшаға серуенге келген дұрыс, тәрбиешімен танысып, балаңызға жаңа достар табуға. Сондай – ақ балаңыздың сүйікті ойыншығын балабақшаға беріп жібергеніңіз абзал.

- Жоспарлаңыз, балабақшаға бірінші келген мезгілінде балаңызды бірінші күні – ақ күн ұзағына қалдырмауды. Балабақшаға жаңадан келген балалар алғашқы аптада 3 – 4 сағат, одан әрі түске дейін, айдың аяғына таман егер тәрбиеші кеңес берсе күні бойына қалдырылады.

- Кейбір балалар үшін аптаның ортасында жүйкесін тоздырмау үшін «демалыс» алуға болады.

- Бейімделу мерзімінде үйде демалыс кезінде баламен көп шұғылдануды қажет етеді, серуен жасау, күн режимін сақтау, эмоциялық жүктемесін түсіру қажет.

- Бала балабақшаға тек ауырмай келуі қажет. ОРЗ, ОРВИ сақтану үшін түрлі витаминдер пайдалану қажет, мұрын қуыстарын оксолин мазмен сылап тұру қажет.

Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса балабақшаға келген күннен бастап – ақ үйреніп кететіне сеніңіз. Баланың балабақшаға барлық бейімделу уақытында психологпен балабақшаның медика – педагогикалық қызметі бақылауға алады.

Балабақшаға бейімделу мәселесі мерекеден, демалыстан және жанұяның ішкі жағдайлары өзгергенде (сәби дүниеге келгенде, анасы іс-сапарға кеткенде және т.б жағдайларда) қайта жалғасуы мүмкін. Балабақшада қалу уақытын азайтып, апта арасында үзіліс ұйымдастырумен шешуге болады. Балабақша туралы баламен әңгімелескенде, онда көп нәрсе үйренуге, баланың және тәрбиешісімен достасуға болатындығын айту қажет. Ата-ананың сенімділігі, жайлылығы балаға сенімділік берері сөзсіз. Үйдің жайлы және әдеттенген атмасферасынан ажырап, ол балабақшадан қажеттігін тауып, тәрбиешілермен балалармен жақсы қарым-қатынасқа түсуге үйренеді. Туындаған мәселелер бірдей болуы мүмкін, бірақ әр ата-анада одан шығу жолдары әртүрлі.

Егер де балаңыз жоғарыда айтылған машықтардың бәріне әдеттенген болса, онда ол балабақшаға баруға толығымен дайын. Дегенмен де, баланы балабақшаға дайындауға көбірек уақыт бөлсеңіз, оның жаңа өмірге бейімделуі оңай болмақ.

Тәрбиеші Жексенбаева Г:К.


 

 

Жаңартылған күні: 27.08.2024 17:51
Құрылған күні: 27.08.2024 17:51

Текст