Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының  "Арайлы" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли - сад "Арайлы" села Зеренда при отделе образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области

СоцСети

 www.facebook.com   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Баланың жан-жақты дамуына сенсорика мен ұсақ моториканың әсері

Баланың жан-жақты дамуына

                              сенсорика мен ұсақ моториканың әсері

Балалардың  ең алғашқы даму кезеңі, білім мен тәрбие берудің алғашқы сатысы балабақшадан басталады. Қоршаған ортаға бейімі, еңбекке араласуы, білім алу, адамдармен қарым — қатынасы, ойлау, қиялдау қабілеттері сөздік қорларының дамуы мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Осыған орай мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде олардың таным қабілеттерін дамыту ерекше орын алары сөзсіз.

Сенсорика – бұл заттардың сыртқы қасиеттері туралы ойларды қалыптастырады: олардың пішіні, түсі, көлемі, кеңістіктегі орналасуы, сонымен қатар иісі, дәмі т.б. Мектепке дейінгі жаста сенсорлық дамудың мәнін бағалау қиын. Осы жаста сезім мүшелерінің әрекетін жетілдіру, қоршаған орта туралы білімін жинақтауға қолайлы кез. Сенсорлық даму, бір жағынан баланың жалпы ақыл-ойының дамуының іргетасын құрайды, бір жағынан өзіндік мәні бар, өйткені толыққанды қабылдау баланы балабақшада, мектепте оқыту үшін қажет. Қоршаған орта құбылыстары мен заттарын қабылдаудан тану басталады. Танудың басқа түрлері – есте сақтау, ойлау, елестету – қабылдау негізінде құралады. Сондықтан қалыпты ақыл-ойдың дамуы толыққанды қабылдауға сүйенусіз мүмкін емес. Мектепке дейінгі педагогика саласындағы атақты шетелдік ғалым  О.Декроли толыққанды сенсорлық дамуды қамтамасыз етуге бағытталған сенсорлық тәрбие мектепке дейінгі тәрбиелеудің негізгі жағы болып саналатынын айтқан.Баланың саусақтарының қимылы немесе ұсақ моториканың жақсы жетіліп дамуы, ол мидың және тілдің жетілуімен тікіелей байланысты, Әлем бала өміріне біртіндеп кіреді. Бала ең алдымен оны үйде, балабақшада не қоршап тұрғанын ұғынады. Біртіндеп өмірден алған тәжірибесі көбейеді. Мектеп жасына дейінгі балалар өзінің айналасындағы қоршаған ортамен танысуға өте құштар. Бұл баланың бірнеше сұрақтар қоюына әкеліп соғады. Яғни, балаға әлем аздап қана сырын ашса, онда баланың білуге деген құштарлығы арта түседі. Ойын – баланың бірінші әрекеті, сондықтан да оның мән – мағынасы ерекше. Ұлы ойшыл Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?», — деп айтқандай, баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіні тұрақсыз болады. Оларды біркелкі жұмыс тез жалықтырады. Сондықтан олардың зейінін үнемі қажетті бағытқа аудару үшін ойын түрінде жүргізу қажет. Өйткені ұйымдастырылған оқу іс — әрекетінде алған білімді ойынмен тиянақтау білімнің беріктігіне негіз қалайды.
Ойын барысында баланың жеке басының қасиеттері қалыптасады. Баланың қуанышы мен реніші ойында айқын көрінеді. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, эмоциялық әсері ұшқындалады, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері дамиды, мұның бәрі баланың шығармашылық қабілеті мен дарынын ұштайды. Мектеп жасына дейінгі балалар көргендерін, байқағандарын, айналасынан естігендерін ойын кезінде қолданатынын байқауға болады.

Ойын арқылы оқытудың арқасында дидактикалық ойын пайда болды. Берілген ойындарды қолдану іс — әрекеттің әсерлігін арттырып, балалардың логикалық ойлауын, математикалық қабілеттерін дамытады.. Сондықтан, бұндай ойындар ойнау балалардың ойлау, қабылдау, еліктеу қабілеті және заттардың түрін, түсін, көлемін ажырата білуін дамыта түсу үшін өте қажет. Саусақпен жұмыс жүргізгенде балаларға көмек көрсетіп отыру қажет, себебі саусақтары икемсіз болады. Жұмыс барысында балаларды мадақтап отурған жөн.
Ұсақ моториканы дамыту барысында біз осы нәтижеге жетеміз:
1.Сөйлеу тілі жетіледі.
2.Қимыл қозғалыс қабілеті артады.
3.Икемділігі арта түседі.
4.Логикалық ойлау қабілеті дамыйды.
5.Танымдылық деңгейі артады.
Ойындар арқылы, біздер баламен қарым- қатынасты нығайтып, баланың өз- өзіне деген көз қарасын өзгертіп, ойынға, оқуға деген ынтасын көтереміз.
Бала ыммен, ишаратпен сабақтан алған әсерін, көргенін, естігенін айтып беруге тырысады. Осының бәрі де, баламен әр түрлі ойын ойнап, моторикасын дамытқанның нәтижесi, — деп ойлаймын.

 

МКҚК «Арайлы» бөбекжайы

«Күншуақ» ерте жас тобының тәрбиешісі:Жексенбаева Гүлназ Калымтаевна

 

Жаңартылған күні: 12.11.2024 11:14
Құрылған күні: 12.11.2024 11:14

Текст