Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының  "Арайлы" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли - сад "Арайлы" села Зеренда при отделе образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области

СоцСети

 www.facebook.com   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бөбек кітапшаларын қолдануды ұйымдастыру

               Бөбек кітапшаларын қолдануды ұйымдастыру

                                          «Бала бақыты - білімде». Білімі көп адам құралы сай ұста сияқты, не істесе де     

                                             үлістіріп істейді. Ал,білімнің бас құралы - кітап, дейді»  А.Байтұрсынов.

Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті.

Кітап – бала өмірінде маңызды роль атқарады. Ол елді, жерді сүюге, кішіпейіл болуға, төзімділікке баулиды. Кітап – біздің рухани құндылығымыз, байлығымыз. Халқымыз өнер мен білімді қадірлеген. Бүгінгі таңда барлық адамзат алдында тұрған басты мақсат – білімді ұрпақты тәрбиелеу.

Ал, ұрпақ білімді қайдан алады? Әрине кітаптан. Кітап оқу баланың ой- өрісін кеңейтеді, ойлауға үйретеді, сөйлеу қабілетін дамытады. Кітаптың көмегімен бала жан-жақты дамиды.Кітап - бала қиялын дамытып,өз әлемін сезінуге,көкжиегін кеңейтуге,достарымен,үлкендермен қарым – қатынас жасауға ықпалын тигізеді.

Кітаппен жұмыс - балалардың ынтасын арттырып, шығармашылық қиялын дамытып, жұмыс істеуге мүмкіндік береді.Танымдық қызығушылығы мен ой-өрісін кеңейтеді.Өзін – өзін тануға,қоршаған әлемді танып білуге үйренеді. Бала бойында адамгершілік асыл-қасиеттер қалыптасады.Кітап балаларға көмектесуші - құрал.Баланың - эмоциялық-психикалық дамуына көмектеседі. Кітапты жазған ақын-жазушылардың жазған өлең-жырларымен, қызықты әңгімелері мен ертегілерімен танысады. Кітап- рухани қарым-қатынасқа және ата-аналар мен балалардың өзара түсіністік, жақындық, сенімдік,мейірімділікке тәрбиелейді. Кітап ұрпақты біріктіреді.

Балабақшада бүлдіршіндерді ауыз әдебиеті үлгілерімен таныстырып, олардың рухани өмірін байыта түсу балабақша тәрбиешілерінің міндеті болып табылады.

«Кітап» бұрышы топтық бөлмеде ерекше арнайы бөлінген және рәсімделген орын болуы қажет.. Бұрыш міндетті түрде барлық топтарда болу керек, ал

мазмұны балалардың жас ерекшеліктері ескеріліп,жастарына байланысты жабдықталу қажет. Мақсаты - кітаппен жұмыс.

Кітап бұрышында балалар өз бетінше,өз талғамы бойынша таңдап,өздеріне ұнаған кітаптарын алып қарайды.Кітап беттерін парақтап, ішіндегі суреттерін мұқият қарап,таныс суреттерін дауыстап айтып,білмегендерін тәрбиешіден сұрайды.Бұл жерде сырлас, тұлғалық қарым-қатынас пен баланың өнер туындысы — кітаппен дамиды. Кітаптардан таныс шығармалар мен өздеріне ұнаған, кейіпкерлерін білуді тереңдетеді, қызықты әңгімелерді тыңдауға бейімделеді. Кітап бұрышындағы иллюстрациялар және ертегі кітаптар балалардың еркін сөйлеуіне,достарымен достық қарым-қатынасқа жағдай туғызады. Суретті кітаптар — бұл бірінші көркем мұражай,оған қызығушылықпен қарап, бала мұнда алғаш рет суретшілердің тамаша шығармаларымен танысады.

«Кітап бұрышына» қойылатын талаптар:

Кітаппен жұмыс жасағанда тәрбиеші алдымен кітаптарды қолдану ережелерімен таныстырады.

-Кітапты кір қолмен ұстамау

-Кітапты ашқанда абайлап,жыртпай ашу

-Кітаппен ойнамау

-Кітапты көріп болған соң өз орнына қою

-Кітапқа сызып,жазуға болмайтынын айтып түсіндіреді.

Балаларға оқу қызметінде өткен сабақтарды қайталау ретінде жеке жұмыс беріп,қиылған суреттерді қағаз бетіне жапсыртып,шағын альбомдар, бөбек кітапшаларын жасауға болады. Мысалы:

("Ойыншықтар", "Үй жануарлары", «Әдемі гүлдер және т. б.).Альбомдарды қарап отырып кітапқа деген қызығушылығы артады.

Кітапшаларды кез келген тақырыпқа арнап,мата,картон,қағаз,фетрден жасауға болады.Тақырыптар:Ойыншықтар,киім,үй жануарлары және олардың төлдері,ыдыс-аяқ,гигиена заттары,жабайы жануарлар,көкөністер,жемістер,жыл мезгілдері,ауа райының құбылыстары,қоршаған орта табиғат,аяқ киімжиһаз және азық-түлік т.б. Балаларға ертегіні толық түсіну үшін ертегі кітапшаларын көру қажет. Ертегі кітапшаларының суреттерін қарап отырып,ертегі кейіпкерлерін естеріне сақтау мүмкіншілігі артады және рөлдерге бөліп ойнауда пайдасын тигізеді. "Бауырсақ","Үйшік",  «Жеті лақ», «Үш аю»,«Қызыл телпек» т.б. ертегі суреттер арқылы көрсетіп ертегіні өз ойымен айтуға талпынады.

«Кітапсыз білім жоқ,білімсіз күнің жоқ» деген қазақта мақал бар.Балалардың шығармашыл болып өсуіне ата-аналардың да орны бөлек деп айтуға болады.

Ата-ана өз баласының тәрбиесі үшін ел алдында жауапты болып балалары-

ның парасатты, өнегелі, білімді азамат болып өсуіне қам жасаулары керек.

Ата- аналарға кеңес:

-Үйде өзіңіз кітап оқыңыз,балалар сіздің кітап оқып отырғаныңызды көреді.

-Үйде оқылған кітаптармен бөлісіңіз және балаңызбен сөйлесіңіз.

-Балаңызға көңілді сыйлық ретінде қызықты кітап сатып алып беретіңізді айтыңыз.

-Кітап сататын дүкенге балаңызбен бірге барыңыз,кітапты өздері таңдап алуына жағдай жасаңыз.

-Үйде көрінетін жерге кітап сөрелерін балаларға арналаған кітапшаларға толтырып қойыңыз,балалар кітапханасын жасаңыз.

-Сөрені жиі жаңа кітаптармен толтырып отырыңыз (мысалы балалар қызығатын динозаврлар туралы немесе үй жануарлары)

-Бір кітапты оқып,соған сәйкес мультфильм көрсетіңіз.

-Күлкілі өтірік өлеңдер оқыңыз.

-Кітаптағы жан-жануарлардың дауыстарын салып және қимылдарын балаңызбен бірге жасаңыздар.

-Орталық және мектеп ішіндегі кітапханаларға балаңызбен бірге барыңыз.

-Балаңыздан кітаптар туралы пікірін жиі сұраңыз.

-Балаларыңызға әр түрлі тақырыпта кітап оқып, төсекте ұйықтар алдында

-қиял ғажайып ертегі оқыңыз.

Қорытынды: "Кітап маған тақтан да қымбат", - деп көрсеткен Шекспир. Бұл сөзден түйер ойымыз, адамға жан азығы, рухани байлығы бола білген - кітап.  Cол себепті оның орны тақтан да жоғары. "Наданмен қас болғанша, кітаппен дос бол", - дейді Баус.  Кітап - сенің асып-таспайтын асыл досың. Себебі кітаппен дос болған адамның ой-өрісі кең, сөз мәдениеті жоғары, саналы, жан-жақты болып тәрбиеленері сөзсіз. Білімнің көзін ашып, ең алғаш ғылым саласын танытқан, оқытып-үйреткен - кітап. Артық білім кітапта, «Ерінбе оқып көруге» - деп ұлы ақынымыз Абай жырлағандай ерінбей білім алуға асығайық. Бар білімнің патшасын тек кітаптан ғана таба алатынымызды ұмытпайық.Балаларымызды кітапқа деген қызығушылықтарын арттырайық.

                                                              «Балапан»кіші тобының тәрбиешісі:Кадырова Б.Н

 

 

Жаңартылған күні: 09.11.2020 14:51
Құрылған күні: 09.11.2020 14:51

Текст