Балабақшамыздың инновациялық қызметі
✅ «Адал азамат» бағдарламасы
Бағдарламаның мақсаты:
Мектеп жасына дейінгі балалардың бойында ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды, адалдықты, жауапкершілікті, еңбекқорлықты, патриотизмді, заң мен тәртіпке құрметті, Отанға, туған жерге, отбасына деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, сондай-ақ бұл құндылықтарды білім беру үдерісі мен балабақшаның күнделікті өміріне кіріктіру.
Жұмыстың негізгі бағыттары:
- адалдық, әділдік, жауапкершілік, мейірімділік және сыйластық қасиеттерін қалыптастыру;
- отбасыға, үлкенге құрметке, мемлекеттік рәміздерге және ұлттық салт-дәстүрлерге құрмет сезімін тәрбиелеу;
- туған өлкенің тарихы, мәдениеті мен табиғатын таныту арқылы патриоттық тәрбие беру;
- әлеуметтік, экологиялық, қайырымдылық және еріктілік бағытындағы іс-шараларды ұйымдастыру;
- тақырыптық мерекелер, жобалар, экскурсиялар және түрлі мамандық иелерімен кездесулер өткізу;
- ата-аналармен және әлеуметтік серіктестермен тығыз ынтымақтастық орнату.
Бағдарламаны іске асыру нәтижелері:
- тәрбиеленушілердің бойында адамгершілік қасиеттер мен жағымды мінез-құлық дағдыларының қалыптасуы;
- өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарау мәдениетінің дамуы;
- ұлттық мұраға, мемлекеттік құндылықтарға және қоғамдық тәртіпке құрметтің артуы;
- балалар мен ата-аналардың әлеуметтік белсенділігінің жоғарылауы;
- «балабақша – отбасы – қоғам» ынтымақтастығының нығаюы.
Біздің ұстанымымыз:
«Адал азамат – адал әрекеттен, ізгі ниеттен және Отанға деген сүйіспеншіліктен басталады.»
https://www.instagram.com/s/aGlnaGxpZ2h0OjE4MjcyMzgyMzcwMjUxMTky?story_media_id=3587896482479164733_61169297410&igsh=dDRkdDA2cDMwaHR1