Балабақшамыздың инновациялық қызметі
✅ Экологиялық жобалар
Мақсаты:
Мектеп жасына дейінгі балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатқа жанашырлықпен қарауға, қоршаған ортаға жауапкершілік танытуға тәрбиелеу және оларды табиғатты қорғауға бағытталған практикалық іс-әрекеттерге тарту.
Жұмыстың негізгі бағыттары:
- экологиялық білім беру мен тәрбиені білім беру үдерісіне кіріктіру;
- табиғатты бақылау, зерттеу және тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарды ұйымдастыру;
- балабақша аумағын көгалдандыру, гүлдерге, ағаштар мен өсімдіктерге күтім жасау;
- «Зерделері Зеренді» экологиялық жобасын жүзеге асыру: «Жас эколог» үйірмесіне қатысу, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысу, «Бір бала – бір гүл» шағын жобасы, «Құстарға қамқорлық» акциясы және «Жасыл балабақша» жобасы арқылы;
- қалдықтарды бөлек жинау, қайта өңдеу және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мәдениетін қалыптастыру;
- ата-аналарды экологиялық бастамалар мен бірлескен жобаларға белсенді тарту.
Іске асыру нәтижелері:
- тәрбиеленушілердің экологиялық сауаттылығы мен табиғатқа жанашырлық көзқарасының қалыптасуы;
- зерттеушілік және практикалық дағдыларының дамуы;
- экологиялық жауапкершілік пен табиғатты тиімді пайдалану мәдениетінің артуы;
- балалар мен ата-аналардың табиғатты қорғау іс-шараларына белсенді қатысуы;
- балабақшада экологиялық қауіпсіз, жасыл және жайлы білім беру ортасының қалыптасуы.
Біздің ұстанымымыз:
«Табиғатты аялау – болашаққа қамқорлық жасаудың кепілі!»
https://www.instagram.com/s/aGlnaGxpZ2h0OjE4MDUwMjQ2NTY2OTE4NDYz?story_media_id=3889403581459622813_61169297410&igsh=eDdxdTdkNWE4MzN6