«Арайлы»бөбекжайы
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Сөйлеу дамыту
Тақырыбы: «Жемістер мен көкөністер»
Дайындаған: Омарова М.С
Зеренді селосы
2020ж
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Сөйлеу дамыту
Тақырыбы: Жемістер мен көкөністер
Мақсаты: Күз туралы білімдерін толықтыру,жемістер мен көкөністер түсінік беру.
Оларды ажырата білуге үйрету.
Есте сақтау қабілетін, дүние танымын дамыту,сөздік қорын молайту.
Балалардың жеміс ағаштарын қорғап оларға қамқор болуына ықпал ету үшін тәрбиелік
әңгімелер жүргізу.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, көрсету, ойын.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты суреттер, жемістер мен көкөністердің жасалған түрлері,
Балалар қонақтармен сәлемдесіп, шаттық шеңберіне жиналу.
Шаттық шеңбері:
Бақшамызға барамыз,
Досымызды табамыз.
Сәлемет пе, міне мен,
Доспын енді сенімен.
Суретке қарап күзде қандай өзгерістер болады екен әңгімедесу
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Жапырақтар сарғайды, күн суыта бастайды. Жие-жие жаңбыр жауады.
Мен сендерге жұмбақ жасырамын. Жұмбақтың шешуі бүгінгі оқу іс- әрекетіміздің болмақ. Дайынсыңдар ма?
Себетке салынған жемістермен көкөністерді алып келу
Көктем мезгілі болғанда адамдар жер жыртады, дән себеді. Жеміс ағаштары мен
көкөніс көшеттерін отырғызады.Ал,күзде жемістер мен көкөністерді жинап аламыз. Өйткені жемістермен көкөністердің адам денсаулығы үшін маңызы зор. Адамдар көптеген дәрумендерді осы жемістер мен көкөністерден алады.
Ендеше мен»Жемістер мен көкөністер» атты ертегіні бастайын, ал сіздер осы ертегі-
нің жақсы аяқталуына көмектесіңдер.
Келістік пе балалар!
Баяғы өткен заманда орманда түрлі өсімдіктермен бірге, жемістермен көкөністерде өмір
сүріпті. Орманның төбесінен жарқыраған күн ешқашан кетпеген. Сондықтан күз де қыста болмаған, жемістермен көкөністер еш тоңбаған.
(орманда өсіп тұрған жемістер мен көкөністерді көрсету)
Бір күні күннің бетін бұлт басып, айнала түнеріп,салқындық орнайды, қатты жел
соғады. Бұрын мұндайды көрмеген жемістермен көкөністер қатты тоңып қалтырайды. Өздеріне пана іздеп жан-жаққа кете бастайды.
Алма ,алмұрт, жүзім,банан,лимон жолға шығады.Жемістер келе жатса,орманның шетінде ( үйшікті көрсету) үйшік тұрады
Үйшікті көрген жемістер қуанып қалады
Үйшіктің есігін қағады.
-Бұл үйшікте ата мен әже тұрады екен
Ата:-Бұл кім?
-Балалар,қане біз жемістерге көмектесейік,әйтпесе атамен әже оларды үйшікке кіргізбейді
-Мынау не?
-Балалар, алманың пішіні қандай,
Түсі қандай?
Балалар жемістерге көмектеседі
Ата мен әже мәре-сәре болып отырса,тағы есік қағылады, ата келіп ашса, сәбіз, қызанақ, қияр, картоп келіп тұр екен.
Қияр айтады: Ата бізді кіргізбесең болмайды, үсіп кетейіндеп тұрмыз-дейді.
-Ата: сендер кімсіңдер?
-Балалар көкөністерге көмектесеміз бе?-өйткені олар тонған,қорыққан,қане көкөністермен таныстырайық атайды
Мынау не?
-Қиярдың пішіні қандай ?
-Ал түсі қандай?
-Картоптың пішіні қандай пішінге ұқсас?
-Картоптың түсі қандай?
-осылайша ата оларда үйшікке кіргізеді.
Үйшікке жиналған жемістер мен көкөністер қайта табысқандарына қуанып мәз болады
Ата мен әже жемістермен ағашқа орналастырады ,ал көкөністерді бақшаға жерге орналастырады
-Балалар, жемістермен көкөністер жақсы өсу үшін не қажет?
-Олар жылуды қайдан алады?
-Күн қандай пішінге ұқсайды?
- Күннің түсі қандай?
Олай болса балалар біз «Күн» жасайық.
Тәрбиеші сары түсті дөңгелекке қыстырғыштарды қыстыру арқылы күн бейнесін жасап көрсетеді.
Балаларға күн бейнесін жасауды ұсынады.
Балалар, сіздердің көмектеріңіздің арқасында мен өз ертегімді аяқтағым келіп тұр.
Ертегі ұнадыма?
Сергіту сәті :
Қорбаңдаған аюдың
Құлпынайы көп екен.
Теріп - теріп аламыз,
Қалтамызға саламыз.
Д/ойын «Сиқырлы қоржын»
Тәрбиеші балаларды орындарына отырғызады.
-Балалар, алма, алмұрт, жүзім,өрік қайда өседі?
-қызанақ, қияр, асқабақ, картоптар қайда өседі?
Д/ойын : «Жемістер мен көкөністердің дәмін ажырат»