12.10.2026
2026 жылғы 7 қазанда Зеренді ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері Арайлы бөбекжай-бақшасында
балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық жұмыс жүргізді.
Мекеме қызметкерлері мен тәрбиеленушілеріне қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері бойынша профилактикалық әңгімелер және нұсқамалар өткізілді.
Іс-шара барысында балалардың терезеден құлап кетуіне жол бермеу бойынша бейнероликтер, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы бейнематериалдар көрсетілді.
Сонымен қатар, объектіде балалардың терезелерді өз бетінше ашуына жол бермейтін терезе блокираторларының және басқа да
құрылғылардың болуы мен жарамдылығын тексеру мақсатында тексеру жүргізілді.
Балалардың қауіпсіздігі баршамызға ортақ жауапкершілік!
https://www.instagram.com/reel/DeOYUxzK0IB/?psln=eTZwMWpqOGx2cTFm