Тақырыбы: «Берекелі Алтын күз»
Мақсаты: Балаларға берекелі күз туралы мағлұмат беріп, табиғатты қорғауға, сұлулығын тамашалауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: жапырақтар, жемістер, көкөністер
Барысы:
Музыка әуені ойнап тұрады.
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар! Ел байлығын арттырған берекелі де мерекелі, күз мерекесі баршамызға құтты болсын! Әр отбасына зор денсаулық, мол астық, мол байлық тілейміз. Ендеше, «Берекелі алтын күз!» атты ертеңгілігімізді бастайық. Ортаға «Ақбота» тобының бүлдіршіндерін шақырайық, қарсы алыңыздар!
Ән «Балапан»
Жүргізуші:Балалар, қазір бізде қандай жыл мезгілі?
Балалардың жауабы:
-Күз мезгілі.
-Күзде қандай өзгерістер болады? (күн суытады, жаңбыр жауады, тб)
-Жаңбыр жауады,күн суытады.
-Күзде аналарың, әкелерін не жинайды? (картоп, алма, сәбіз, қияр,т.б)
-Картоп
-Күзде жапырақтардың түсі қандай болады?
-Сары түс болады.
Жүргізуші: Балалар, бүгін барлығымыз күз мерекесіне жиналдық.
Бізге қонақтар да келді. Бірақ біздің мерекенің сәні болмай түрған сияқты.
-Сендер білесіңдер ме?
-Бүгінгі мерекенің сәні кім екенін?
-Қанекей балалар,ендеше күзді ортаға шақырайық.
Музыка әуенімен ортаға «Алтын күз» кіреді.
Күз: Береке бақ дарыған,
Жомарт көңіл жарқын жаз.
Сары алтынға малынған,
«Алтын күз» деген мен болам!
Армысыздар, құрметті қонақтар, балалар! Сендерге келгеніме қуаныштымын. Мен сендерге бір жұмбақ жасырамын,ал сендер жұмбақтың шешуін табуға дайынсыңдар ма?
-Балалар,иә дайынбыз.
Ағайынды бәрі
Шықса жасыл,
Түссе – сары. Бұл не? (жапырақ)
-Жарайсыңдар,балалар!
Бәріміз бірге «жапырақ», «жасыл жапырақ», «сары жапырақ» сөздерін қайталайықшы.
Жүргізуші: Алтын Күз, біздің балалар күз туралы өлеңдер, тақпақтар біледі.Сіз жайланып отырыңыз, балалардың өнерін тамашалаңыз.
Тақпақтар (8 бала ортаға шығады)
Келді міне күз, Айша
Айнала сары түс.
Керемет, тамаша,
Қандай әсем күз!
Келді алтын күз, Арсен
Жемістер жинаймыз!
Күз келді! Күз келді! Алан
Жапырақ жапты іздерді!
Құтты болсын мереке! Сабина
Алтын күзді тойлаймыз!
Алтын күз келді! Аниса
Қамбаға бидай түсті.
Күздің қазан айында, Медина
Алма, алмұрт піседі.
Жапырақтар сарғайып,
Билеп жерге түседі.
Алтын, алтын Таня
Сары алтын.
Келді міне күз, Айлана
Айнала сары түс!
Жүргізуші: Қане балалар, осындай молшылық күз айында бір ойын ойнайық.
Ойын «Кім жылдам?»
Шарты: ұлдар бір себетке көкөністерді жинайды, ал қыздар екінші себетке жемістерді жинайды. Алтын күз қыздар мен ұлдардың қалай жинағанын тексересіз бе? («көкөністер» мен «жемістер» сөздерді хормен қайталау)
Жүргізуші: Ортаға біздің Еркежан, Наби, Медина, Алан атты балаларымызды шақырамыз.
«Ойыншықтар»әні.
-Алтын Күз.
-Балалар сендер алтын күзге арнап тақпақ жаттадыңдар ғой,кәнекей ортаға шығамыз. (8 бала ортаға шығады)
Күн суытты,Дильназ
Жапырақтар түсті.
Күз келді,
Құстар кетті.
Алтын, сары, қызыл, көк Алихан
Алуан-алуан жапырақ.
Қуандырып біздерді Еркежан
Жерімізге күз келді.
Күз келді! Тахмина
Күз көңілді!
Сап-сары маңай, Наби
Сап-сары тоғай.
Соңғы әнің айтып,
Құс кетті қайтып.
Күзім-ау, күзім-ау Дария
Мінезің бұзық-ау.
Алтын күз келді! Бақтуар
Береке әкелді!
Күз: Өте тамаша балалар! Ал енді менімен бірге «Жапырақтар»биін билейік.
Жүргізуші: Балалардың орындауында «Жаңбыр»әні.
Күз: Балалар, мен сендерге әкелген сыйлығым бар еді. Мен оны тәрбиеші апайларыңа тапсырамын,топқа барғасын алтын күздің сыйлығынан дәм татасыңдар.
Жүргізуші:
-Балалар, бүгін бізде қандай мереке болды?
-Сендерге мереке ұнады ма?
-Балалар:Бүгінгі мереке бізге қатты ұнады.
Рахмет сізге Алтын Күз! Жыл сайын бізге келе бер, елімізге молшылық әкеле бер! Осымен біздің мерекеміз аяқталды, келгендеріңізге рахмет.