Түлектер мектепке жол алды.
“Әр бала бір жұлдыз, жарқырауға көмектес”, – дейді байырғы бабамыз Жүсіп Баласағұн. Баланың бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның әрі қарай дамуына бағыт-бағдар беру-әр ұстаздың, әрбір білім жолында қызмет еткен жандар үшін маңызды міндет..Баланы заман талабына қарай көрегендікпен икемдеп, өз заманының озық өнегесін санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы.Мерекелік ертеңгілік тәрбиешілердің құттықтау сөздерімен басталды Шаттыққа толы балалық дәуренге не жетсін, шіркін! Көңілдері қуанышқа толып, ата –ананың махаббатының құшағында еш алаңсыз өмір сүретін осынау ғажайып ертегі өмірдің куәсі болып,бір сәт күнделікті өмірден алыстап,балалық өмірге саяхат жасады. Иә, бүлдіршіннің шынайы, шаттанған риясыз күлкілері жарқыраған аппақ жүректері ата-аналарға ерекше бақыт сыйлады деп ойлаймын.
1-Маусым Балаларды қорғау күні қарсаңында осындай шаттық пен қуаныштың аясында «Арайлы» бөбекжайы мектепалды «Қарлығаш» тобының балаларын мектепке шығарып салдық. Бала -біздің болашағымыз.Ал әр бала ол болашақ жарық жұлдыз дей отыра,болашақ жұлдыздарымызбен таныстырып өттік.Ұлдарымыз өздерінің қорған, қайратты, өнерлі, жан-жақты,дарынды, талапты екенін көрсетсе, қыздарымыз иіліп сәлем берді. Балалар жұлдыз болып «Біз бақытты баламыз» атты ән салғанда көрермендер шапалақтап қарсы алды. Абай Айзере, Коспан Аиша, және Нұрлыбек Маликаның орындауындағы «Балабақшам арайлы» әнін залда отырған ата-аналар ерекше ықыласпен тамашалап, ду қол шапалақтап кішкентай әнші қыздарымыздың мерейін көтеріп отырды.Тақпақ айтып тамсанып,қимай кетіп барамыз деп. Әр бала өздерінің бүгінгі күнге жаттаған тақпақтарын айтты. Мәпелеген анамыз,балабақша болды панамыз.
Көрініс «Оқушы бала» қойылымын тамашалаған тәрбиеленушілер:
(Абай Айзере,Лұқпан Арсен,Ералы Мұхамед). Біліміңді асырар,кітаппен дос болсаң, балалар «Кітапхана биін»биледі. .Балалардың білімін көтеруге музыка әуенімен «Бестік» (Есентаева М.С ) қонаққа келді.Балалармен амандасып,бірнеше сұрақтар қою арқылы балалар білімін ойындар арқылы тексеріп өтті. Сонымен қатар бүгінгі мерекелік іс –шарада балалар өнерлерін ғана тамашалау емес, ата-аналармен де ойын ойналды.Түлектер бөбекжай қызметкерлеріне алғыс рахметтерін білдіріп тақпақ айтып гүл сыйлады. «Біз мектепке барамыз» әнін балалар мектепке баратындарын сезінгендей аса жауапкершілікпен орындады деуге болады.Музыканы сезініп ,әннің ырғағына ере білген ұлдар мен қыздар «Қоштасу вальсін»тамаша орындады.
Балабақшамен қоштасу мерекелік іс-шара ұлттық бірегейлік пен патриотизмді нығайтуға көмектесетін барлық балалардың қатысуына қуаныш пен көңілді сыйлайтын жарқын күн болды дегім келеді.Сөз кезегі бөбекжай меңгерушісі; Гүлмира Трумханқызына берілді. Түлектерге сәттілік,сәт сапар тілей отыра,ата-аналарға алғыс хат,балаларға дипломдарын табыстады.Бір ата-бір ананың тірегіміз.Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз деген әдемі сөзбен ата-аналарға сөз берілді.Ата-аналар өздерінің жүректерінен шыққан жылы ыстық лебіздерін біздерге сыйлай білді. Балаларға ақ жол сәттілік тіледі. «Қарлығаш» ата –аналарының атынан біздерге алғыс хат пен гүл шоғы табысталды. Түлектермен қоштасу сәтінде балалар музыка әуенімен билеп,бір біріне қарама қарсы тұрып тәрбиешілерге келіп қоштаса бастады.Тәрбиешілер әр балаға шар ұсынып қол бұлғасты.Түлектермен қоштасқан сайын қимастық сезім жоғарлай түсті. Әр баланың өздеріне тән қылықтары,сүйкімділігі біздің жүректерімізді толқытты. Естелік суретке түстік. Коспан Аиша мен Нұрлыбек Маликаның әжелері бүгігі күнге қалай шашу шашпаймыз деген ниетпен балаларға барлық көрермен қауымға шашу шашты.Соңында түлектердің осы кезге дейін жеткен жетістіктерінің тарихи жиналған портфолиолары берілді. Балабақшада тәрбие тәлімі дарығандай,сендердей баланы жетелеген бағым бардай,елімнің ертеңгі тіреулері дей отыра, тобымдағы әр бала бір жұлдыз сәбилерді жақсы көрдім. Кешегі бал бөбек,бүгін жас түлек болып атанып, мектеп қабырғасына жол алды. Ашық аспандай, нұрын шашқан күн сәулесіндей біздің түлектеріміздің болашағы ақ жарқын,талаптарың таудай, армандарың асқақ, болашақтарың биік болсын деймін. «Қарлығаш» тобының ата-аналарына шын жүректен алғыс білдіремін.Отбастарыңызға амандық,бақыт шаттық тілеймін.
МКҚК«Арайлы» бөбекжайы Тәрбиеші: Гүлназ Қалымтайқызы