" />

Құрметті біздің сайттың қонақтары! Сіздерді сайтымызда қош көрдік. Біздің оқу мекемемізбен танысу сіздерге тек қызықты ғана емес, сондай –ақ пайдалы болады деп үміттенеміз. Біз тәрбиеленушілерімізге сапалы, толыққанды тәрбие беруге, бөбекжайды білім және тәрбие алу үшін жайлы етуге ұмтыламыз. Бала жүрегі кішкентай күйсандық . Ол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады . Ал білім мен тәрбие беретін адамның қолында әр кезде сол кілт жүруі керек . Балаға жан – жақты тәрбие беру біздің парызымыз. Өйткені бала ата – ананың ғана емес келер ұрпақтың аманаты. Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы , ата - ана тәрбиесі. Ал баланың балалық шағын естен кетпестей тәтті шақта өткізу әр педагогтың міндеті деп санаймыз.
30.12.2025
Келе жатқан жаңа жыл құтты болсын!
Құрметті әріптестер!
Келе жатқан Жаңа жыл құтты болсын!
Жаңа жыл сіздерге жаңа идеялар, сәтті бастамалар, табысты сабақтар мен шәкірттердің жарқын жетістіктерін әкелсін.
Әр күндеріңіз қуанышқа, еңбектеріңіз құрметке толы болсын. Отбасыларыңызға амандық,...
15.12.2025
Тәуелсіздік күні құтты болсын!
Егемен еліміздің ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күні құтты болсын! Баршаңызға ашық аспан, шат-шадыман көңіл тілейміз. Әрбір азаматтың қажырлы еңбегінің арқасында сүйікті Отанымыз гүлденіп, көркейе берсін! Балаларымыз бақытты елдің бақытты балалары болып өссін!
09.12.2025
Көрмеге шақыру
Сіздідерді Тәуелсіздік күніне арналған көрмеге шақырамыз!
Біздің «Арайлы» бөбекжайының «Аналар мен әжелер», «Әкелер мен аталар» мектебі дайындаған бірегей экспозицияны ұсынамыз.
Бұл көрме – ұлттық құндылықтар мен патриоттық тәрбиенің...
03.12.2025
Серуен
Таза ауадағы серуен баланың денсаулығын жақсартып, денесін шынықтырады.
Серуендегенде: өкпе аллергендер мен шаңнан тазартылады;
жоғарғы тыныс жолдарының және мұрын шырышты қабығының қызметі жақсарады;
метаболизм жақсарады, тәбет жоғарылады және қоректік заттардың,...
24.11.2025
Құзыреттілік орталығының семинар-практикумы
21 қараша күні "Арайлы" бөбекжайының құзырет орталығында Зеренді ауылының №4 КППК педагогтарының қатысуымен семинар-практикум өтті. Педагогтар ЕҚБ балаларымен жұмыс тәжірибесімен бөлісті
17.11.2025
Тұмайға қарсы екпе алды
Бөбекжай қызметкерлері "Гриппол" вакцинасымен тұмайқа қарсы екпе алды. Емделгенше ауырмайдың амалын табу - ауырудың алдын алу
12.11.2025
"Мектепке дейінгі ұйымдағы ваучерлық қаржыландыру" тақырыбында жалпы балабақшалық ата-аналар жиналысы
Бүгін бөбекжайда ваучерлық қаржыландыру туралы ата- аналарға ақпарат берілді. Akmola.kz жүйесінде балалар табелін жүргізу, баланың балабақшаға келуін белгілеу туралы нұсқаулықтар берілді, сонымен қатар дене шынықтыру, музыка жетекшісі, қазақ тіл мұғалімі, педагог логопед,...
22.10.2025
Экскурсияға шықтық
Бүгін бөбекжай балалары «Зерделі Зеренді» жобасы аясында серуенге ауылымыздың маңызды орны «Балқадиша» ескерткішіне барды. Балқадина әнінің тарихы туралы ақпарат алды және әнің тыңдады. Жаңадан тағы бір маңызды орын пайда болғанын естіп, әскері көліктер...
14.10.2025
"Үздік әдіскер" байқауы
Бүгін, аудандық "Үздік әдіскер - 2025" байқауы офлайн түрінде "Арайлы" бөбекжайында өткізілді. Байқауға "Балауса" бөбекжайының әдіскері Ш. Бримжанова, "Арайлы" бөбекжайының әдіскері Л. Еремина, Красный кордан ЖББМ "Жұлдыз" шағын орталығының әдіскері...
06.10.2025
Ұстаздар күніне құттықтау