Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының  "Арайлы" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли - сад "Арайлы" села Зеренда при отделе образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области

СоцСети

 www.facebook.com   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бала тәрбиесінде ұлттық ойындарды қолдану тиімділігі

Бала тәрбиесінде ұлттық ойындарды қолдану тиімділігі

         Ойын дүниеге ашылған үлкен жарық терезе іспетті. Ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған  дүние туралы түсінік алады. Адамды өжетікке, батылдыққа, шапшандыққа, ептілікке, тапқырлыққа, байсалдыққа үйрететін – осы ойын.

Халқымыздың ұлт ойындарында ұрпақ қамын ойлаған, бір жүйеге келтіріліп өрнектелген ой мен әрекеттің, құпия философияны түсінуге жетелейтін адамгершілік үлгі-өнегенің желісі бар.

Жас бала ойынға алдымен үйренуші, көруші, өсе келе соған белсенді            қатынасушы, келесі кезеңде үйретуші, жаттықтырушы, ұлғая келе көруші жанкүйер ретінде қатынасады. Ұлт ойындарын жанұя тәрбиесінен бастап, балабақшада түрлі тәрбиелік шараларда қосымша материал ретінде пайдалану қажет. Кейінгі кезде ұлт ойындарында көңіл бөлу нәтижесінде, көбі ұмыт болып, мүлде жоғалуға жуық.

Қазақтың ұлттық ойындарын екі топқа бөліп қарастырып, бірінші топқа, сол жастағыларға лайықты: «санамақ, тәй-тай, айгөлек, соқыр теке, қуырмаш, алақан соқпақ, ақ серек- көк серек» т.б. ойындарын, ал одан кейінгі топқа: «тақия тастамақ, тартыс, сиқырлы қоржын, бәйге, көкпар,қыз қуу, асық, хан талапай, теңге алу, орамал тастамақ, ақсүйек, күрес» т.б. ойындарын жатқызуға болады. Мұндай ойындар баланы тез ойлауға, тапқырлыққа баулып, жаңа тақырыптарды жылдам меңгеруге ықпал етеді, сөз тіркесіне, ұйқастыруға дағдыландырады. Оқу үрдісінде ұлттық ойын элементтерін пайдалану оқу іс-әрекеті тақырыбы мен мазмұнына сай алынады. Сонда ғана оның танымдық, тәрбиелік маңызы арта түседі. Балаларды әсіресе, «Сиқырлы қоржын», «Көкпар», «Асық» секілді ұлттық ойындарға қатыстыру өте тиімді екеніне көз жеткізу қиын емес. Бұл ойындарды жаңа материалды бекіту немесе қайталау кезінде қолдану керек деген пікір бар. Бала ойынының үстінде не соңында өзінің қатысу белсенділігіне қарай түрлі баға алуы мүмкін. Тәрбиеші әр баланың еңбегін бағалап, ынталандырып отыруы тиіс. Ойынның тәрбиелік маңызы мынада: ол баланы зеріктікке, білгірлікке баулиды.

          Ұлттық ойындар - бар өнердің басы, көне мәдениет пен әдеби туындылар , ең алдымен, сол халық жиналған думанды сауықта, ойын той үстінде дүниеге келіп, көптің игілігіне айналғант. Өйткені, қазақ халқының ұлттық ойындары өте ертеде туып, оның тұрмыс жағдайларына үйлесімді жасағандай әсер етеді. Қазақ халқының тарихи көне жырларының эпостары мен лиро эпостарының қай қайсысың алып қарасақ та, олардың өн бойынан халықтың ұлттық ойындарының, әдет – ғұрып салттарының алуан түрлерін кездестіреміз. Ол ол ма, осы жанрлардың негізгі кейіпкерлері болашақ ел қорғаушы батыр, жауынгер, халық қайраткерлері, ойын үстінде көрінеді.

Ұлттық ойын осылайша атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып отырған.. әрине, ойын өнер ретінде әдебиет мен мәдениеттің сан алуан түрлерімен қабысып, астасып келіп, бірін – бірі толықтырып, байыта түседі. Ойын тек баланың дене күш қуатын молайтып, оны шапшандыққа, дәлдікке ғана тәрбиелеп қоймай, оның ақыл ойынның толысуына, есейіп өсуіне де пайдасын тигізеді.

           Дене шынықтыру нұсқаушысы: Сеитова Н.Қ

Жаңартылған күні: 29.03.2021 11:39
Құрылған күні: 29.03.2021 11:39

Текст