Отбасы мейірімділік ошағы.
Мейірімділік жанұяның ұйтқысы. Отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас пен түсіністік орнату ата-ананың ең маңызды міндеті болып саналады. Сол кезде балалар жанұяның мейірімділігін, достықта және жақсы кеңістікте тәрбиеленеді. Отбасы мәселелерімен айналысатын мамандар әрқашан ата-ананың балаларының алдында махаббат пен мейірімділік көрсету қажеттілігіне ерекше көңіл бөледі. Балалары үшін әке-шешесінің арасындағы қарым-қатынастар басқалармен қарым-қатынас орнатуына үлгі болады. Балалар отбасы негізінің мықтылығы мен үй ішіндегі тыныштығынан өздерін қауіпсіз сезінеді. Сонымен қатар, басқалармен мейірімді болуды әке-шешесінен үйренеді.
Бала дегеніміз - Алланың сыйы. Жаратушы баланы тәрбиелеуді әкесі мен шешесіне міндеттеп берген парызы. Сондықтан, ата-ана баланың алдындағы міндеттерін түсінген болса, бала тәрбиесіне ең жақсы әдістерді пайдалана алады. Балаларды түсіну оларға деген махаббаттын, сүйіспеншіліктерін білдіру жолдардың бірі болып саналады. Бала ата-анасының өзінің түсінгенін көрсе, олардың насихаттарын, айтылған ақыл сөздерін тыңдайды. Және әрдайым пір тұтып отырады. Баланы дұрыс тәрбиелеу ата-ананың ең маңызды міндеті. Ата-ана балаларының материалдық және моральдік қажеттіліктерін қамтамасыз етуге аса көңіл бөлулері абзал.
Ата ананың балаларының көзінше жанжал, ұрыс керістің болуы, олардың алаңдаушылығына әкеледі. Себебі, олар анасы мен әкесін бірдей жақсы көреді. Нәтижесінде ата-ананың біреуінен айрылып қалуына байланысты немесе отбасының құлдырау қорқыныштары балаларға қатты әсер етеді. Ал, ата-ананың бір-біріне кешірімді болуы және бір-бірін құрметтеуі ұрпақтарының рухани тұрақтылығына және олардың дұрыс тәрбиесіне үлкен септігін тигізеді.
Адамның үйренетін бірінші және ең маңызды орталығы - жанұя орталығы болып табылады. Бала тәрбиесіне үлкен ықпал ететін отбасына тікелей байланысты. Отбасы мүшелерінің дұрыс қарым-қатынас орнатуды үйренуі, балаларының ортада өзін дұрыс ұстауды, қоғамдағы қарым - қатынастарын жақсартуға септігін тигізеді.
«Балапан» №1-кіші тобының 1-ші санатты тәрбиешісі Жексенбаева Г.Қ