Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының  "Арайлы" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли - сад "Арайлы" села Зеренда при отделе образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области

СоцСети

 www.facebook.com   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

логопедиялық ойындар

                       Логопедиялық ойындар

Логопедиялық сабақтарда дыбыс қою, машықтандыру,балалардың фонетикалық-фонематикалық қабылдауын қадағалау мақсаттарын жүзеге асыруда ойындарды кіріктірудің маңызы өте зор. Ойын – баланы сабақ мазмұнына қызықтыра отырып, жаңа дағдыларды меңгертіп қана қоймай, дыбыстарды дұрыс қолданып, қалыпты сөйлеуге үлкен ықпалын тигізетін әдіс.

Логопедтің күнделікті сабақ жоспарларында ойындарды қосуы қарапайым дәстүрлі тәсілдерден гөрі жаңа инновациялық сипатқа ие болады. Ойынның негізгі ерекшеліктері балалардың жеке интеллектуалды қасиеттеріне байланысты болады. Төменде ойынның негізгі түрлері көрсетілген.

                   

                 Есту қабілетін дамытуға арналған ойындар

1. «Құлақтар — саққұлақтар»

Мақсаты: есту зейінін дамыту, дыбыстарды айыра білуін бекіту.

Логопед балаларға ағаш, темір қасық пен хрусталь, шыны ыдыс көрсетеді. Балалар заттарды атайды. Енді педагог әрқайсысының дыбысын естуді ұсынады,ширма қойып, кезекпен әр заттыңдыбысын шығарады. Балалар ненің дыбысы екенін танып, айтады.

2. «Не «Мяу?»деді»

Мақсаты: үй жануарларының дауысын айырып білу қабілеттерін қалыптастыру.

Қажетті материалдар: магнитофон немесе ноутбук, үй жануарларының дауыстары басылған аудиобасылым.

Логопед үй жануарларының дауысы басылған аудиобасылымды қосады. Балалар тыңдап, естіп, ненің дауысы екенін айтады.

«Не қалай дыбыстайды» ойыныда ұқсас болады, бірақ жануарлардың орнына құстардың дауысы.

3. «Бағдаршамның алдында не тұр?»

Мақсаты: есту зейінін дамыту және көліктерді танып, айта білу қабілеттерін дамыту.

Қажетті материалдар: магнитофон немесе ноутбук және көшедегі көліктердің дыбысы.

Логопед көшедегі көліктердің дыбысын қосады, ал балалар бағдаршамның алдында қандай көлік тұрғанын анықтайды (жеңіл машина, жүк көлігі, трактор, мотоцикл, арба, трамвай).

4. «Дыбыс қайдан шықты?»

Мақсаты: есту зейінін дамыту және кеңістікті жұмулы көзбен бағдарлай білуге жаттықтыру.

Балалар көздерін жұмып тұрады. Логопед қоңырауды сылдырлатып топ ішінде жүреді, балалар жұмулы көздерімен дыбыс шыққан жерге барады.

5. Саусақ жаттығуы «Найзағай»

Мақсаты: дыбыстың шығу динамикасының өзгерісіне орай қимылды сәйкестендіру.

Логопед ойынның сөздерін оқиды, балалар сол қимылды орындайды.

Тамшы тамды (екі қолының сұқ саусағымен үстел үстінен ұрады). Жаңбыр жауды (екі қолдың төрт саусағымен үстел үстінен ұрады). Ол шелектеп құяды (төрт саусақтарымен қатты ұрады). Бұршақ жауды (екі қолдың сұқ саусағын бүгіп,тоқылдатады). Найзағай ойнайды (жұдырықпен үстел үстін соғады). Найзағай жарқылдайды (ауада саусақпен найзағайдың суретін саламыз, ш дыбысын айтамыз). Барлығы үйге жүгіреді (алақандарын шапалақтап,қолдарын артқа жасырады). Таңертең жарқырап күн шықты (қолдарымен ауада үлкен шеңбер салады).

          

Тілдік еліктеу немесе дыбыстық еліктеу — бұл айтылған                      дыбысты,сөзді,әңгімені қайталап айту.

Дауысты дыбыстарды дұрыс айтуға арналған ойындар

1.Қуыршақты тербетіп отырған кішкентай қыздың суретін қарастыру;-«Бұл Айсулу,ол қуыршағын ұйықтатып отыр және -А-а-а-деп әндетеді!Біз де көмек берейік А-а-а –деп әндетеміз (қолымызбен тербетіп көрсетеміз).Әндеткенде балаға ауызыңды кең ашуды көрсетеміз.

2.Тісі ауырып отырған қыздың суретін қарастырып: «-Бұл Асия,оның тісі ауырып отыр О-о-о! Асия қалай айтты –О-о-о.Ұртымызды қолымызбен ұстап,басымызды шайқап отырып,айтамыз.

3.Суретті қарастырып немесе қолымызға ойыншық ат алып: «Құлыншақ анасын шақырады –И-и –и- деп бірге қосылып айтамыз. Еріннің жымиып,созылуын қадағалаймыз.

4.Суреттегі кемені қарастырамыз немесе ойыншық кемені қолымызға алып: «Кеме айлаққа жүзіп келеді –У-у-у деп уілдейміз.Балалардың еріндерін түтікше қылып орайды.Кеме қалай уілдейді? –У-у-у

5.Суреттегі аю мен қонжықты қарасытрамыз. Үлкен аю екі қолын екі жаққа қойып –Э-э-э деп айқайлайды,ал кішкентай қонжық қолын жақын ұстап э-э-э деп жәй айтады.Балаларға аю мен қонжықты көрсетуді ұсынамыз.

Жануарлар мен құстардың дауысына еліктеу ойындары.

Ойынға жануарлардың суреті немесе ойыншық фигуралар қолданады.Анасы мен баласы,себебі анасының дауысы қатты болады,ал баласының дауысы жіңішке және жәй.Орыс халқының «Үш аю» ертегісін естеріңе түсіріңдер.Қонжықтың аю-әкесі ақырады,аю-анасыда одан жайырақ,ал қонжық шиқылдайды.

Дауыссыз дыбыстарды анық айтуға арналған ойын түрлері.

Ойын « Пых-Шәйнек»

Балаларға қайнап тұрған шәйнектің суретін көрсетіп,бұл шәйнектің аты «Пых»,ол қайнаған кезде п-п-п дейді,енді бізде шәйнекке қосылып,пысылдайық.

«Орман шулайды»

Жел тұрғанда,ағаштың жапырақтары «Ш-ш-ш»-деп шытырлайды-деп балаларға түсіндіріп,енді қолымызды жоғары көтеріп ағаштың жапырақтары боламыз,жел тұрды –Ш-ш-ш дейміз.

 

«Маса» ойыны

Суреттегі масаны көрсетеміз,мынау «Захар» деген маса,ол З-з-з деп ызыңдайды,сұқ саусақпен бас бармақты түйістіріп,айналдырып З-з-з дейміз.

Енді масаны ұстап аламыз,қолымызды жұдырыққа түйіп,құлағымызға тосамыз З-з-з,естідің бе?Қане енді сен ұстап ал.

«Қоңыз» ойыны

Қоңыздың суретін немесе сұлбасын балаға көрсетеміз.Бұл «Женя» деген қоңыз,ол Ж-ж-ж деп әндетед,ал қане біз де әндетіп көрейік

«Кірпі» ойыны

Кірпінің суретін немесе сұлбасын балаға көрсетеміз.Бұл кірпі,ол өзінің арқасындағы инелеріне алма,саңырауқұлақтарды іліп алып,ініне алып барады,ол Ф-ф-ф деп пысылдайды.

Тұрмыстық заттардың дыбысына еліктеу ойындары:

· Сағат тықылдайды – ТИК—ТАК

· Су тамшылайды – КАП—КАП

· Кішкентай балақай жүреді – ТОП—ТОП

· Балға соғады ТУК—ТУК

· Қайшы қияды ЧИК—ЧИК

· Әткеншек тебеміз КАЧ—КАЧ

 

                                                                 Логопед маманы:Ханатбек Ақберлі

Жаңартылған күні: 19.01.2022 14:47
Құрылған күні: 19.01.2022 14:47

Текст