Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының  "Арайлы" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли - сад "Арайлы" села Зеренда при отделе образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области

СоцСети

 www.facebook.com   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын меңгеру бойынша мониторинг жүргізу үшін әдістемелік ұсынымдар әзірленді

09.01.2023

 Бүгінгі күні аталған Модельді іске асыру мақсатында мазмұнды реттейтін нормативті-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, Моделді іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың  мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – Стандарт), Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 9 қыркүйектегі № 394 бұйрығымен Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарлары және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 14 қазандағы №422 бұйрығымен  Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – Үлгілік бағдарлама) мазмұны  қайта қаралып бекітілді.

Осы нормативтік құқықтық актілерді ескере отырып, Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік бағдарламасы мазмұнын меңгеру бойынша мониторинг жүргізудің әдістемелік ұсынымдары әзірленді. Мониторинг педагогтің балалардың түрлі жас кезеңдерінде Үлгілік бағдарламада айқындалған күтілетін нәтижелерге жету деңгейлерін және баламен жеке жұмыс жүргізуде педагогтің алдағы іс-әрекетін айқындауға мүмкіндік береді.

 

Просмотров: 245


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст