Текст
29.04.2026
Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі қарсаңында бөбекжайда достыққа, татулыққа және бірлікке арналған тақырыптық сағаттар басталды.
Педагогтар балалармен достықтың маңызы, бір-біріне құрмет көрсету, өзара сыйластық пен ынтымақтастық туралы әңгімелесті. Балалар түрлі ойындар мен шығармашылық жұмыстарға белсенді қатысып, татулық пен бірліктің құндылығын түсінді.
Қазақстан халқының бірлігі күні — бейбітшілік пен келісімнің, достық пен мейірімділіктің мерекесі. Еліміздің күші — халықтар арасындағы ынтымақ пен ауызбіршілікте!