БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУДАҒЫ ОЙЫН ТӘЖІРИЕБЕСІНІҢ МАҢЫЗЫ
«Ойын-бала қиялын шығармашылық ойлауға жетелейтін тәрбие құралы» дегендей,ойын – бала әрекетінің негізгі түрі.Ойын арқылы балалар қоғамдық тәжірибені меңгереді,өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойында да қоғамдық,ұжымдық сипат болады.Мәселен,кез-келген бала еш уақытта жалғыз ойнамайды,қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды,сол арқылы бір-бірімен өзара қарым-қатынаста болады.
Ойын балалар үшін айналадағыны танып,білу тәсілі.Балалар ойындарының тәрбиелік маңызының жоғары бағалай келіп, А.С.Макаренко былай деп жазады: «Бала ойында қалай болса,кейін өскен соң жұмыста да көп жағынан ұқсас болады».
Сондықтан келешек өсіріп отырған тұлғаларымызды тәрбиелеу алдымен ойыннан басталады.Ойынның негізгі ерекшеліктері – ол балалардың қоршаған ортаны,адамдардың қимылын,іс-әрекетін олардың бала қимылынан туған жағдайдағы қарым-қатынасын бейнелеуі болып табылады.Бала – ешқашан үнсіз ойнамайды,ол жүреді,сөйлейді,ыңылдайды,секіреді,орын барысында сөйлесу қарым-қатынасы үлкен роль атқарады.Сөйлесе жүріп, балалар пікірлесіп,әсер алады,ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын анықтайды.Ойынның негізгі құрылымдық элементтері мыналар болып табылады: ойынның түпкі ниеті,сюжеті немесе мазмұны,ойын әрекеттері, рольдер,ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе ұсынатын ойын ережесі.
Әр ойыннан кейін баланың көңіл күйін қадағалап отыру керек.Оларға ойын кезінде өз ұстанымына,мінез-құлқына мән беруіміз қажет.Әрине ойыннан кейін әр балаға ойын ойнау барысындағы іс-әрекеттерін,жеке қасиетіне назар аударып,мінезіндегі өзгерістерді бағалап отырамыз.Еңбек сүйгіштігі,ойын кезіндегі ұйымдастырушылығын,ойлау барысын,ойын ойнау белсенділігін зерттейміз.Бала бойындағы ойынға деген:
Білім беру саласында өскелең ұрпақты дамыған елдердің қатарында көру үшін үздіксіз еңбек етуде кез-келген педагогтың алдына қойған мақсаты – оқу-тәрбие сапасын көтеру үшін балалардың қызығушылықтарын арттырып,танымдық қабілетін дамыту.Бұл мақсатты жүзеге асыру педагогтың шеберлігі мен біліктілігіне байланысты.Егер сабақ тартымды да қызықты болса,балаларға өтілген сабақты игеру де оңай болады. Білім беру саласында балалардың білімді игеруге деген құлшынысын арттыру үшін,әр түрлі жаңа технологиялар ауадай қажет.Сондай технологиялардың бірі – ойын элементтерін пайдалану.
Ойындар (іскерлік,сюжеттік-рольді,қимыл қозғалыс,дамытушылық) баланың ойлау,есте сақтау,қабылдау,қиял сияқты психикалық үрдістерінің дамуына көмектеседі.
қарым-қатынас жасауға үйренеді.
«Ойын»,«Жаттығу» — балалардың танымдық қызығушылықтарын арттырумен қатар жаңа игерілген түсініктері мен іскерліктерін бекітуге арналған оқыту әдісі.Ойын әрекеттері мен жаттығулары арқылы баланың жеке тәжірибесі негізінде оқу материалының мазмұны жүзеге асырылады.Балалар ойындар мен жаттығулар нәтижесінде құрбыластарымен жағымды қарым-қатынас жасау дағдыларына ие болады,өмірлік дағдыларды меңгереді.
«Ойын» -бұл адамның мінез-құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған іс-әрекеттің түрі.
Ойын баланың ақыл-ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып,алған білімдерін тереңдете түседі.Ойын баланың білімін тереңдете және түрлендіре түседі,әрі пысықтайды.
Ойынның да өзіне тән мотивтері болады. Мысалы,мазмұндық,рольдік ойындар баланың зейінін,ойлау қабілетін,қиялын қалыптастыруда зор маңыз алады.Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді.Ал,ақыл-ой ойындарында белгілі бір ережелерді сақтап ойнайды.Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын,зейінділігін арттырумен қатар, ерік сезім түрлерін де дамытады. Балалар бақшасына пайдаланылатын ойын түрлері:
«Суретшілер байқауы»
Мақсаты: Теледидардан көрген ертегі және мультфильмдердегі кейіпкерлерді нақ көрсете білу.
«Бұл қашан болады?»
Мақсаты: Жыл мезгілдеріне байланысты суреттер көрсетіледі,сол суреттер ішінен керек суреттерді көрсетіп әңгімелеп береді.
«Дайын бол!»
Мақсаты: Балалар шеңбермен жүреді,тәрбиеші бір сөз айтады,балалар сол сөзді іс-қимылмен көрсетеді.
Мазмұны бойынша барлық дидактикалық ойындар балалардың ақыл-ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып,олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді,әрі пысықтауды көздейді.
Қорыта айтқанда: Ойын – адамның өмірге қадам басардағы алғашқы қадамы. Қазақ халқының «Ойын ойнап,ән салмай,өсер бала бола ма?» — деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады.
Бала мен балалар ұжымының дамуында мектеп жасына дейінгі іс-әрекетінің негізгі түрі ойын-орасан зор роль атқарады.Ойын балалар үшін айналадағыны танып,білу тәсілі.Ойын мен ойын әрекеті мазмұннан әлеуметтік сипаты баланың қоғамда өмір сүретіндігімен байланысты.Ол алғашқы айлардан бастап-ақ маңайындағылармен қарым-қатынас жасауға ұмтылады,соның арқасында жасау құралы,күш қуаты тілді біртіндеп меңгереді.Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп А.С.Макаренко былай деп жазады: «Бала ойында қалай болса,өскесін жұмыста да көп жағынан ұқсас болады.Сондықтан келешек қайраткер азматты тәрбиелек алдымен ойыннан басталады.Ойынның негізгі ерекшелігі – ол балалардың қоршаған өмірді-адамдардың қимылын,іс-әрекеттерін,олардың бала қимылынан туған жағдайдағы қарым-қатынасын бейнелеуі болып табылады. Ойында бөлме теңіз де,ұшақ та,темір жол вагоны да болуы мүмкін. Балалар үн-түнсіз ойнамайды.Тіпті бала жалғыз болғанның өзінде де сөйлесіп жүреді.Ойын процесінде сөйлесу қарым-қатынасы үлкен роль атқарады. Сөйлесе жүріп,балалар пікірлесіп,әсер алысып,ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын анықтайды.Ойынның негізгі құрылымдық элементтері мыналар:ойынның түпкі ниеті, сюжеті немесе мазмұны, ойын әрекеттері,рольдер,ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын ережесі.
Ойынның түпкі ниеті-бұл балалардың нені және қалай ойнайтынының жалпы анықтамасы.Мысалы: «Дүкен», «Аурухана», «Ұшқыштар», «Отбасы», «Балалар бақшасы» және т.с.с. болып ойнайды.
Ойынның сюжеті, мазмұны-бұл оның жанды тұлғасын құрайтын,ойын әрекетерінің,балалардың өзара қарым-қатынастарының дамуын,көп жақтылығын және өзара байланысын анықтайтын нәрсе. Ойынның мазмұны оны қызықты етеді,ойнауға ықылас пен ынтаны қоздырады.Ойын процесінде балалардың өздері ойнаушылардың мінез-құлқы мен өзара қарым-қатынасын анықтайды және реттейтін ереже белгілейді. Ойын бала үшін нағыз өмір.Егер тәрбиеші ойынды ақылмен ұйымдастырсаол балаларға ықпал жасауға мүмкіндік алады. Тәрбиеші, балаларға жақын болуға, олардың ойындарының сүйікті қатысушысы болуға тиіс. Ойынның мазмұны мен ережесін,өзінің ойындағы ролін пайдаланып, ойнаушылардың ынтасын,басып тастамай,әдеппен ойынның барысын,олардың өзара қарым-қатысын бағыттап отырады.Өзі де сол ролге қатыса алады.Ойынның көп уақыты серуенде өтеді.Сондықтан аулада арнаулы құрылыстар,ғимараттар (кемелер,автобустар),көптеген құрылыс материалдары күректер,доптар,секіргіштер болуға тиіс.Ойын сонымен бірге оқу үстіндегі оқытумен де тығаз байланысты.Ойын ешқашанда өзінің қызықшылығын жоғалтпайды,тек оның мазмұны,сипаты өзгереді.ойындар мазмұнына қарай,өзіне тән ерекшеліктеріне қарай сюжетті-рольді, драматизациялық, дидактикалық құрылыс ойындары,қимылды ойындар ұлттық ойындар болып бөлінеді.
Ақбота тобы: Тәрбиеші :Жангожина Д.Т