Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының  "Арайлы" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли - сад "Арайлы" села Зеренда при отделе образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области

СоцСети

 www.facebook.com   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Өсер ұрпақтың жан дүниесі өз қолымызда

Өсер ұрпақтың жан дүниесі өз қолымызда
Мынау жасампаз ғасырда, жаһандану дәуірінде баланың жан-жақты тәрбие алуына ең бірінші ықпал ететін тәрбиеші болса, оның сүйеушісі – ата-ана. Сондықтан ата-ана өз баласының білім алуына барынша жағдай жасауы тиіс. Бала тәуліктің ¼ бөлігінде, яғни, 9сағат балабақшада  болса,қалған уақытта өз отбасында тәрбие алады. 
Халқымызда «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» деген нақыл сөз тегін айтылмаған. Ата-ана өзінің мінезі, дағдысы, сөзі, іс-әрекеті арқылы баласына үлгі көрсетеді. 
Халқымыз «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деп айтады. Бала әрқашанда ата-анадан мейірімділікті, сүйіспеншілікті, жүрек жылуын қажет етіп, ата-ананы өмірдің тірегі санайды. Ата-ана - отбасындағы жетекші тұлға, бала тәрбиесінің қамқоршысы, өнегесі. Ата-ананың тірлігінде көрген қызығы, жақсылығының ең бағалысы ол – перзенті.
Іштен ешкім біліп тумайды. Тәрбие ұлға да, қызға да бесік пен босағадан басталады. Өсе келе ұлым – дарақы, қызым – сорақы деп бармақ тістеп қалмау үшін әкеңнің қабағы, анаңның сылап- сипауы айрықша мәнге ие.
Ұлыңды – жарығым, қызыңды - жалғызым деп ішер-тамақ, киер-киімге тарықтырмай, қалтасына ақша тығып, сүт бетіне қаймақ етіп құр мәпелеу – бұл тәрбие емес. Ұлтымыздың ар-иманын, ынсап-қанағатын бойына сіңірмей өскен ұрпақ, алдымен ата-анасының, сосын өз бетін шиедей етеді. 
Ата-ана балаларына үлгілі өнеге көрсете алмаса, тәрбие бала өсіруі екіталай. Өткені бала ересектерге еліктегіш келеді, көп нәрсені – жақсыны да, жаманды да солардан үйренеді, соны қайталайды. 
Кей жағдайларда кейбір ата-ана жұмыс-бастылыққа салынып, бұған мән бермейді, тіпті, кейбір ата-ананың бала алдында жаман сөз айтуы, баланың есейгенін аңғармауы, үйінің шырқын бұзуы – баланы теріс жолға итермелейді. 
 Ата-ана өзінің міндеті мен жауапкершілігін жақсы білуі керек. 
Мәдениетті адам тәрбиелеуге және өз баласын таза өмір сүруге бейімдеуге міндетті;Білім алуына көмектесуге міндетті;

  1. Жүйелі білім алуына жағдай жасауға міндетті;
  2. Үнемі ата-аналар жиналысына қатысуға,  баласының өмірмен танысуға міндетті;
  3. Баланың өміріне, денсаулығына зиян келетін темекі, арақ, т.б. улы заттарды қолданбауға, олардың балаға зиянды екенін түсіндіруге міндетті;
  4. «Баланы жетіне келгенше тыйма, жетіден он төртке келгенше білім беріп қина, он төрттен кейін үлкен азамат деп сыйла» деген қағиданы берік сақтауға міндетті.

 «Атадан жақсы ұл туса, есіктегі басын төрге сүйрер» деп бабалар сөзін естеріне салғым келеді.                                                                      

         «Балапан» №1-кіші тобының 1-ші санатты тәрбиешісі  Жексенбаева  Г.Қ

Жаңартылған күні: 13.03.2019 18:08
Құрылған күні: 13.03.2019 18:08

Текст