«Арайлы» бөбекжайына 15 жыл
Қазіргі таңда үздіксіз білім беру еліміздің ертеңі өсіп келе жатқан жас ұрпақтың білімінің тереңдігімен өлшенеді. Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ – ұлтымыздың баға жетпес қазынасы. Бала – болашағымыз, бала – қуанышымыз!
Қазақ халқының нағыз азаматын тәрбиелеп өсіру негіздерін қалыптастыратын тұңғыш мектеп- ол балабақша. Балабақша келер ұрпақты еңбекке, өнер-білімге, елінің ар намысын қорғауға және ізгі адамгершілік ниеттерге баулиды.Сондай балабақшның бірі- Зеренді ауданының «Арайлы» бөбекжайы.
Балабақша-келешек,ел басқарар, жер суына иелік етер, ел халқын гүлдендірер, мерейін өсіріп, мәртебесін биіктетер жасампаз жандарды шыңдап өмірдің ең басты сатысын қалайтын киелі ұя. Балабақша ұжымы келешек ұрпақтың тәрбиелі болып өсуіне қызмет етуде.
Балабақшамыз 2009 жылдың қаңтар айының 29- нан бастап жұмыс істейді. Ашылғанына биыл 15 жыл толып отыр. Балабақшамыздың жақсы жетістіктерге жетуі, әрбір тәрбиешінің өз еңбегінің нәтижесімен, жаңалығымен біліктілігі мен білімдерінің арқасы деп білеміз.Атап айтсақ, балабақшада 7 топ жұмыс жасап отыр, оның ішінде 5-топ мемлекеттік тілде болса, 2- топ орыс тілінде, сонда барлығы 165 бүлдіршін тәрбиеленуде.
Балабақша топтарында өз жұмысын жақсы білетін, білікті мамандар жұмыс жасайды. Балабақша ұжымының әрбір қызметкерлерінің міндеті - күнделікті тәрбиеленуші бүлдіршіндерге бақыт сыйлау. «Үйренер нәрсең-білім мен мейірімділік»-деп, Жүсіп Баласағұн айтқандай, балабақша ұжымы әрбір күнін ізденіспен өткізеді. «Арайлы» бөбекжайының ұйытқысы, ізденімпаз, іскер басшы: Кусаинова Г.Т балалардың жан-жақты қорғалған, үйлесімді тұлға болып қалыптасуына жағдай жасауда. 2023 жылы Гүлмира Трумханқызы Мектепке дейінгі білім берудегі үздік инновациялық жобалар» атты облыстық сырттай байқауында 2-ші орынға ие болып дипломмен марапатталды. Балабақшамыздан ұшқан жас түлектерімізде аз емес Тәуелсіз еліміздің бақытты балдырғандарына білім, тәрбие беруде балабақша ұжымы көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Балабақшамыздың республикалық, облыстық, аудандық, көптеген жетістіктері бар. Атап айтсақ, 2022 жылы «Мен зерттеушімін» байқауына тәрбиеші : Чердакова Т.В өз тәрбиеленушісі Глушень Тимофеймен қатысып аудандық кезеңде Гран Приге ие болып, облыстық байқауда белсенді қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды. Сонымен қатар 2023 жылы облыстық мектеп жасына дейінгі балалар байқауының аудандық «Зертттеуші» номинациясы бойынша Попов Егор мадақтамамен марапатталса,белсене қатысқаны үшін Федоров Мирослава сертификатпен марапатталды.
Тәрбиешісі Кадырова Б.Н «Кітап бұрышы» атты байқаудың аудандық кезеңінде I орын иеленсе, облыстық кезеңде жүлделі II орынға ие болды. Сонымен қатар, Жусупбекова Р.М. «Мен зерттеушімін» байқауында тәрбиеленушісі Мұратхан Бексултанмен II орынға қол жеткізді.
Шығаршылық Республикалық жас өспірімдер мен балалар арасындағы өткізілген «Аялайық Ананы» атты кокурсқа қатысқанымыз үшін «Радуга» би тобы мен қатар хореограф Жанабаева Н. С. алғыс хатпен марапатталды. Облыстық «Кітаптар калейдоскобы,» «Ханталапай»,»Ең үздік кадр», «Жас дарындылар» конкурстарына үзбей қатысып тұрамыз. Ауданымызда өткен «Екі жұлдыз» конкурсына қатысып 2-ші орынға ие болдық.
Балабақшамыздан осы уақытта 15 түлектер шығарылымы болды.
Түлектерімізге әрдайым сәттілік тілеп отырамыз. Болашақ ұрпақтарымыздың нағыз азамат болып шығуына күш салайық. Бөбекжайдың тұғыры биік, болашағы жарқын, бала күлкісіне толы, бақыт мекені болсын деп тілеймін!
«Арайлы» бөбекжайының тәрбиешісі :Гүлназ Қалымтайқызы