" />
"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының "Арайлы" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының "Арайлы" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

СоцСети

 www.facebook.com   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Зерендіге шақырамын!

11.08.2019

Зеренді өлкесі ну тоғай-орманымен, шатқалы  мен  таулы  күмбездерімен әйгілі.  Бұл  жасыл аймақ тынық ормандарымен, хош  иісті шөптерімен  және қайын-қарағай сұлулығымен көз тартады.

Құстар мен балықтарға бай көлдер мен ормандар, шүйгін жайылымды жазық дала көне дәуірден бастап-ақ адамдардың назарын өзіне аударған болатын.

Жаз болса өзінің ыстық лебін әкеліп, жеміс-жидек пен саңырауқұлақтарын кең дастархандай жаяды.  Ал көл сулары балықтардың түр-түріне  молаяды.

Шын мәнінде, әсіресе, қазақ халқының дамуындағы нәр алған қазыналы қазығы, қадірлі қасиеттерінің бәрі де осы ауылда жатқан жоқ па Зерендінің жері, суы, сай-саласы, ауасы, табиғаты, аңы, құсы, жазы мен қысы, көктемі мен күзі, кімдерді тебірентпеген, таңырқатпаған. Осы жәйттерге орай туындаған шынайы  махаббат. Зеренді ауданы қазір кең алқапқа ие. Табиғаты таңдай қақтырар осы өлкеде талай-талай беті ашылмаған сырдың да, жырдың да бұғып жатқанына күмән жоқ.

Осы сұлу да махаббатқа толы жерді көріп, қарағайдың хош иісіне шомылғыңыз келсе – біздің Зерендіге ат мойының бұрып, демалуға келіңіздер!

Г.Қ. Жексебаева «Арайлы» бөбекжайының әдіскері



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст