Абайла бөбегім» ойын сауық іс-шарасы
Мақсаты: Жол жүру ережелерін қайталау, бағдаршамның белгілерінің айырмашылығын жолда және көшедегі қауіпсіздік ережесі, жол белгілері туралы түсініктерін кеңейту. Балаларды жол жүру ережелерін сақтауға тәрбиелеу.
Құрал- жабдықтар: Жол белгілері, суреттері, бағдаршам , обруч, қорап, әр топтың эмблемасы, көліктер.
Музыка әуенімен балалар топқа кіреді, орындықтарына отырады.
Сабақ барысы:
Жүргізуші: Балалар жол ережесін сақтауға дайынбыз ба?
Балалар хормен:
Жол тәртібін білейік,
Аман - есен жүрейік.
Жүргізуші: жол заңы дұрыс жүріп абай болуды талап етеді. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында доп қуалайтыны, жүріп бара жатырған машинаға жабысатыны салдарынан бұзылады. Ережені дұрыс сақтамағандықтан да ауыр жарақат алып жатады. Сондықтанда балалар жол ережесін үнемі есімізден шығармауымыз керек.
Балалар біз осы жол ережесін білеміз бе?
Жұмбақтар:
Сөйлеуді ол білмейді,
Бірақ тоқта, жүр дейді. ( бағдаршам)
Жұмбақ
Бір көзім «кідір» дейді,
Бір көзім «жүгір» дейді,
Бір көзім «абайла» дейді,
«Қарап ал маңайға» дейді
(Бағдаршам)
Кәне, айналамызға қарайықшы, жол бойынан қандай өзгерістерді байқап тұрсыңдар?
Бағдаршам, жол белгілері.
«Бағдаршам» әні орындалады
Осы кезде Жол сақшы ағай кіріп келеді. Балалармен амандасады.
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе? Сіз кім боласыз?
Жол сақшысы:
Мен жол сақшысымын, жолда жүру ережесін қадағалайтын маман иесімін. Қанекей балалар, жолда жүру ережесімен танысайық!
Слайд көрсету: (теледидар бетінен мультфильм көру)
Егерде қызыл түс жанса
Жолдан өту қауіп
Сары түс ескерту
Жүру белгісін күт
Жасыл түс білдіреді
Жол ашық алға!
Полиция ағай: Осының бәрін есте сақтайсыңдар?
Жүргізуші: Бағдаршам белгілерін жеңіл ұғып алу үшін “Бағдаршам” ойынын ойнайық.
№1 Ойын: “Бағдаршам”
Жүргізуші: Ойын шартымен түсіндіреді, мен кезекпен түстерді көрсетемін
Қызыл түс- тұрасыңдар
Сары түс- Шапалақ ұрасыңдар
Жасыл түс- бір орында жүресіңдер
№ 2 Ойын шарты: Обручпен жолаушыларды тасымалдау.
Жүргізуші: Жарайсыңдар! Өз орнымызға жайғасып отырамыз. Келесі дайындаған тақпақтарымызды тыңдайық.
1.Тақпақ
2.Тақпақ
№ 3 Ойын: “Жол белгілерін табу”.
Жүргізуші: Балалар мен сендерге жол ережелерінің белгілерін дайындап койып едім. Бірақ Сақшы ағай басқа суреттермен араластырып жіберді. Әр топтың капитандары шығып жол белгілерін дұрыс тауып алу керек: Қайсы капитан командасы тез табады. Сол жеңіске шығады.
№ 4 Ойын. Машинамен кедергілерден өту.
Шарты: Әр команда бір машинамен өтеді, машинаны келесі ойыншыға алып келеді. Осылайша ойын жалғасады
Жол сақшысы: Балалар менің кететін уақытым болды. Сендерге үлкен рахмет. Өз ризашылығын білдіреді.