«Қанекей, аналар!»
Жүргізуші: Армысыздар, жиналған қауым, қонақтар, аяулы аналар, қыздар! Сіздерді келе жатқан көктемнің алғашқы мерекесімен шың жүректен құттықтаймын! Сіздерге қажымас қайрат, ашық аспан тілеймін. Бүгінгі ұйымдастырылып отырған «Қанекей, аналар!» атты спорттық іс-шараға қош келдіңіздер.
Арулар - асыл жандар!
Шуақ боп шашылғандар,
Қуат боп тасыңғандар.
Құшақ боп ашылғандар,
Арулар – асыл жандар! – деп, бүгінгі сайысымызға қатысатын екі топтың аналар, екі топтың командаларын ортаға шақырамыз. Ду, қол, шапалақ. (музыкамен командалар отраға келеді)
Спорттық жарысымызды бастамас бүрын, осы екі топты әділ сынап, бағалайтын Әділ қазылыр алқасымен танысып алайық.
«Арайлы» бөбек-жайының» меңгерушісі : Кусаинова Гульмира Трумханқызы.
«Арайлы»бөбек-жайының» медбикесі: Зубань Людмила Леонидовна.
Жоғары ұпай: 5
Орташа ұпай: 4
Төмен ұпай: 3
Жүргізуші: Сіздерден өскен балалар,
Батырлар мен даналар!
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті аналар! – деп сайысымызды бастаймыз!
Қазақстан Республикасының Әнұраны.
1 сайысымыз: Командалар өз-өздерін таныстыру.
Команданын аты, ұраны.
Өте жақсы қатысушыларымызға қол шапалақтап қойыңыздар.
Ана- мерген, нағыз батыр ол- ана,
Ана- сенім, пана болар балаға.
Бақыт деген анаңның алақаны
Жылытар әрдайым тоңғаныңда.
2 сайысымыз: «Үй жинау»
Құралдар:кеглилер, сыпырғыштар, кішкентай доптар.
Шарты: аналар кеглилердин арасынан допты сыпырғышпен сыпырып апарып, кері қарай тура жүгіріп келеді.
3 сайысымыз: «Шығыршықтар»
Құралдар: шығыршықтар
Шарты: бір ойыншы шығыршықпен конусты жүгіріп айналып келеді де, екінші ойыншыны алып кетеді, содан соң үшінші ойыншыны алып кетеді. Барлық ойыншылар біткенше ойын жалғасады.
4 сайысымыз: «Мықты Аналар!»
Құралдар: секіргіштер, доптар
Шарты: секіргішпен конусқа дейін секіріп барып, артқа қарай допты соғып әкеледі.
5 сайысымыз: «Бақалар секіруде...»
Құралдар: доптар
Шарты: Аналар доптарды аяқтарының арасына салып, секіріп барады. Артқа жүгіріп келеді.
6 сайысымыз: Спорттық құралдарға арналған жұмбақтар
Бала бiткен соғады,
Жеңiл шарды домалақ.
Ұрсаң
Ұшып жоғары,
Жерге түсер домалап. (Доп)
Мiнсем,
Төменге зу етем,
Өрлесем,
Оны өзiм сүйретем. (Шана)
Қайқы тұмсық қос табан,
Қос таяқпен ұштаған.
Итерсең алға заулайды,
Шойын жолдан аумайды.
Табанға қанжар байладым,
Бетiнде айна ойнадым. (Коньки)
Балалар суға салған жiп,
Тереңнен iлiп алар жүк. (Қармақ)
Аяғымда
Басы қайқы қос сырық.
Таяғым да
Қуады оны асырып.
(Шаңғы)
Жүргізуші: Аналар сіздерге көп-көп рахмет! Келесі сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.
Марапаттау рәсімі.
Құттықтау сөз.