Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының  "Арайлы" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли - сад "Арайлы" села Зеренда при отделе образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области

СоцСети

 www.facebook.com   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Азаматтық қорғаныс күніне арналған спорттық іс-шара

Тақырыбы: «Төтенше жағдай және біз»

Мақсаты: Балалардың  төтенше жағдайда бір- біріне қамқор бола білу қабілеттерін дамыта отырып, адамгершілікке шақыру және төтенше жағдайдың денсаулығына зиян тигізуін мұқият түсіндіру.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, слайд тамашалау, эстафеталық ойындар.

Құрал-жабдықтар: доғалар, ақ қағаздар, жұмсақ ойыншықтар.

Кіріспе. Ұйымдастыру кезеңі:

Балалар сапқа тұрып денешынықтыру жетекшісімен амандасады. Балаларға «Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс» туралы түсіндіріп, слайд тамашалатып, әңгімелесу.

Д/ш жетекшісі: Балалар сендермен бүгінгі эстафетаны бастамас бұрын дене қыздыру жаттығуларын жасап алуымыз керек.

Дене қыздыру жаттығулары:

  • бас және мойынға арналған жаттығулар;
  • иық және қолдарға арналған жаттығулар;
  • белге және аяққа арналған жаттығулар;

Жақсы балалар, команда бойынша екі топқа бөлініп, эстафетамызды бастайық.

Балалар біздің елімізде көптеген төтенше жағдайлар кездеседі олар: зілзала, су тасқыны, өрт қауіпі, жол апаты т.б. Соның ішіндегі өрт қауіпі адамзатқа өте қауіпті. Өрт болған жағдайда не істейміз? Қандай әрекеттер жасаймыз?

Балалар: Өртті сөндіреді, өрт сөндіру машинасын шақырады.

Д/ш нұсқаушысы: Өте жақсы. –Ал, су тасқыны болған жағдайда не істейміз?

Балалар: Дұрыс, айтасындар. Тастан –таска секіру керекпіз.

І эстафета: «Су тасқыны»

Балалар екі жаққа бөлініп тізбектеліп тұрады. Әр командаға екі-екіден ақ қағаздар беріледі. Әр команда сигнал бойынша ақ қағаздарды жерге қойып кезек-кезектеп қағаздан қағазға секірулері қажет. Қай команда бірінші ақ қағаздарымен секіріп сәреге жетеді, сол команда жеңімпаз болады.

Балалар бұл жағдайлардан басқа тағы да басқа апаттар болып жатады. Соның бірі: жер сілкінісі. Бұнда жер қозғалып, ғимараттар қирап, ағаштар сынып жатады.

ІІ эстафета: «Жер сілкінісі»

Екі топтың балалары жер сілкінісінен кейін зардап шеккен ойыншықтарға комек көрсетеді. Бұнда балалар екі-екіден жүгіріп қолдарын айқастырып ойыншықтарды қолдарына отырғызып алып келулері қажет.

Балалар жанағы өрт болған жағдайда не көп болады? Дұрыс, түтін көп болады. Түтін болған кезде, олар үстіне қарай көтеріледі екен. Сондықтан бізге өрттін түтіні тимес үшін сендермен еденнен еңбектеп, өрмелеп доғаның астынан өту керекпіз.

ІІІ эстафета: «Өрмелеу»

Екі команда сигнал бойынша доғаның астынан қажетті жерге дейін өрмелеп жетулері керек. Кері қарай жүгіріп келу керек.

Қорытынды:

Д/ш нұсқаушысы: Жарайсыңдар, балалар. Сендер өте жақсы өнер көрсеттіңдер. Сендер өте мықты, батыл балаларсыңдар. Әрдайым осындай көмек көрсете беріңдер. Өсіп, үлкен болған кездерінде халыққа елемей еңбек етіп, үлестерінді қоса беріңдер.

 

Жаңартылған күні: 01.03.2021 11:53
Құрылған күні: 01.03.2021 11:53

Текст