Бүгін, 1 маусым-Халықаралық балаларды қорғау күні. Біздің балаларымыздың таңы балаларды балабақшаға ертегі кейіпкерлерімен көңілді музыкамен қабылдаудан басталды. Содан кейін күн тәртібінің әр бір сәті қызықты ойындарға, ойын-сауықтарға толы болды және көңілді балалар музыкасымен сүйемелденді. Мерекеге арналған қабырға газеттері де көңіл күй сыйлап тұрғандай болды. Бүгін "Ең әдемі ойын алаңы" байқауының қорытындысын шығарылып, топтар сыйлықтармен және грамоталармен атап өттілді. Ата-аналар учаскелерді ұйымдастыруға үлкен еңбек пен үлес қосты, оларға біздің алғысымыз шексіз. Бұл күн туралы әсер ұзақ уақытқа созылғанын қалаған мұғалімдер балалардың үйге оралу сәтін қызықты етіп ұйымдастырды. Біздің балапандарымыз мүмкіндігінше ұзақ жылдар балалар болып қала берсін. Ақкөңіл, көңілді, қуанышты болсын. Әрбір баланың дені сау және ата-анасының қамқорлығымен қоршалғанын тілегіміз келеді. Аспан әрқашан ашық болсын, әр жаңа күн мейірімді және қызықты болсын. Ата-аналарға шыдамдылық, мейірімділік пен нәзіктік тілейміз. Балалардың бақытты және қауіпсіз балалық шағы үшін Сіз және біз жауапты екеніңізді ұмытпаңыздар! Мереке құтты болсын!!!