12.01.2026
Біздің бөбекжай "Мекеменің үздік жаңа жылдық безендірілуі" байқауына қатысып, бірінші орынды иеленді. Байқау қорытындысы бойынша біз 50 000 теңге сомасына сертификатпен марапатталдық.
Жаңа жылдық безендіруді жасай отырып, біз тәрбиеленушілерімізге және ауыл тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлауға, сондай-ақ ауылымызды көркейтуге және безендіруге өз үлесімізді қосуға тырыстық.
Тәрбиеленушілеріміздің ата-аналарына және бүкіл ұжымға белсенді қатысқаны, қолдағаны, шығармашылығы үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Аудан әкімдігінің басшылығына алғыс білдіреміз, басқа да конкурстар мен іс-шараларға белсенді қатысуға тырысамыз.
Барлық жерлестерді келген жаңа жылмен құттықтаймыз. Зор денсаулық, отбасына құт-береке, амандық тілейміз.