Серуеннің бала өміріне маңызы
Мектепке дейінгі кезеңде бала қоршаған ортаны танып біледі. Баланың табиғатты танып білуге деген қызғушылығын оята отырып, педагог оны табиғатпен таныстырып, қана қоймай, оны түсінуге, өсімдіктер мен жануарларды қамқорлауға, табиғаттың сұлулығын сезіне білуге үйретеді. Баланың танымдық дамуы ойын барысында, табиғи нысандар мен мен құбылыстарға бақылау жасау, заттарды қарап, зерттеу кезінде , табиғат пен табиғат күнтізбесіндегі ауа-райы жағдайына бақылау нәтижелерін айта білу, еңбек және басқа да әрекеттер барысында жүзеге асады. Мектепке дейінгі балалық шақ кезеңінде баланың танымдық дамуы эмоционалдық қарым –қатынастар арқылы қалыптасады. Әрбір жеке бала-қоршаған ортаны қызғушылықпен қабылдайтын кішкентай зерттеуші. Бала белсенді әректтерге талпынады. Сондықтан да бақылау мен зерттеу сияқты әдістер балаға неғұрлым жақын болып табылады.
Серуен –Мектепке дейінгі мекемеде бала әрекетін ұйымдастырудағы режимдік сәттердің негізгі бөлігінің бірі. Серуеннің мақсаты –бала денсаулығын нығайту, шаршаудың алдын –алу , денесін шынықтыру, түрлі әрекеттер нәтижесінде организмде болған функционалдық өзгерістерді реттеп, қалыпқа келтіру.
Серуеннің міндеті:Қарапайым жағдайда организмді шынықтыру. Мектеп жасына дейінгі баланың физикалық даму деңгейін арттыру. Баланың қимыл-белсенділігін арттыру. Баланың танымдық көркемдік –эстетикалық әлеуметтік тұлғалық дамуына ықпал ету. Серуен барысында балалар түрлі қозғалыс қимылын орындайды.
Серуенге шығу арқылы бала табиғаттың әр құбылысымен, оның бөлшектерінің өзіне тән қасиеттірімен танысады. Әңгіме айту арқылы ой өрісін кеңейтіп сөздік қорын дамытады.
Тәрбиеші:Сеитова Ұ.А