Текст
Бүгін бөбекжайда ашық көріністер онкүндігі басталды. Мұғалімдер әдістемені білулерін, оқу қызметің ұйымдастыруы және кәсіби шеберліктерін әріптестер ортасына салды. Білім беру бағдарламасын орындау және игеру дағдыларын да көрсетті. Олар өздерінің әріптестерімен жетістіктерін талқылайды, өз қызметін талдауды үйренеді және бұл педагогтерге арналған рефлексия болатын іс-шара. Өйткені, балалармен жұмыс жасаудың әр күні ерекшелікке, қызыққа жаңа білімге толы. Әріптестерге сәттілік тілейміз!