Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының  "Арайлы" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли - сад "Арайлы" села Зеренда при отделе образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области

СоцСети

 www.facebook.com   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысының әкімі Е. Маржықпаевтың "2021 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылауды өткізу туралы"қаулысы

28.02.2022

Қоғамдық өткізу туралы
талқылаулар туралы есеп береді
саласындағы іс-шаралар туралы
мемлекеттік қызметтерді көрсету
2021 жылға арналған


«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Облыстық атқарушы органдар, аудандардың, Көкшетау, Қосша және Степногорск қалаларының әкімдіктері 2022 жылғы 14 ақпанға қарай 2021 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді қоғамдық талқылауды өткізу туралы нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын.
2. Облыстық атқарушы органдар, аудандардың, Көкшетау, Қосша және Степногорск қалаларының әкімдіктері:
1) 2022 жылғы 1 наурызға дейін ресми интернет-ресурстарда, бұқаралық ақпарат құралдарында 2021 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі іс-шаралар туралы есепті орналастыруды, осы есепті орналастыру туралы халықты хабардар етуді;
2) 2022 жылғы 30 наурызға дейін 2021 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы іс-шаралар туралы есептерді қоғамдық талқылауды өткізу;
3) 2022 жылғы 8 сәуірге дейін ресми интернет-ресурстарда және өзге де бұқаралық ақпарат құралдарында 2021 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы халық алдындағы есептің нәтижелері туралы қорытындыны орналастырсын.
3. Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 4 ақпандағы No А-2/51 "2020 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді қоғамдық талқылауды өткізу туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары Е.М.Рамазановқа жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Ақмола облысының әкімі

Маржықпаев Е

Просмотров: 270


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст