" />
"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының "Арайлы" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының "Арайлы" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

СоцСети

 www.facebook.com   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

КӨРІСУ мейрамы бөбекжайда

14.03.2019

Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады. Таң сібірлеп атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Міндетті түрде бауырсақ пісіріп, дастарханға тәтті-пәттісімен қосып үйіп қояды. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Бір–біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман-есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді. 

Бүгін бөбекжайда балаларды ұлттық киім киген тәрбиешілер қарсы алып, ата-аналармен балалармен қауышып, құшақ жайып бір бірін құттықтады. Бауырсақтан ауыз тиіп, жылы тілектер айтқан ата-аналар жұмысқа жақсы көңілде кетіп жатты. Педагогтарға өз тілектерін ризашылықтарын желі топтарында жазып, ұлттық құндылықтарды  және ұлттық тәрбие нәрін бала бойына сінірген ұжымға өз риздығын білдірді.  

Просмотров: 408


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст