Осы аптада бөбекжайда «Көрме» аптасы өткізілуде. Педагогтардың мақсаты: Балаларды «көрме» ұғымымен таныстыра отырып, балаларды көрмеге қойылған суреттерді, қол өнер туындыларын тамашалауды үйрету және эстетикалық мәдениет сезімдерін тәрбиелеу болып табылады. Балалар өздері салған суреттерді және ата-аналарымен жасаған аппликацияларды көрмеге қойып, көпшілікке тарту етті. Көрменің түрлері туралы ақпарат беріліп, осы ұғымның түсініктемесі туралы балаларға қарапайым тілмен жеткізе білген тәрбиешілер балалардың қызығушылығын оятта білді. Сурет, мүсіндеу және басқа да оқу қызметтерінде орындаған жұмыстарын топ ішінде көрмеге қойып үйренген балалар, дәліздегі көрменің көлемін және оны көптеген адамдар көретіндігін сезініп өз туындылары үшін мақтаныш сезіміне бөленді.