Осы аптада «Арайлы» бөбекжайында театрландырылған қойылымдар апталығы өтілді.
Осы аптада бөбекжайда балалар театр әлеміне саяхатқа барды. Театр түрлері және оның басты кейіпкерлерімен кездесіп, ертегілер тамашалады. Қандай ертегіні алсақта,белгілі бір сюжетке құрылады,оқиғаның желісінің басталуы, өрбуі,аяқталуы,өзіндік шешім болып табылады.Ертегі баяу басталып,күрделене түседі.Бала кейіпкердің жағымсыз әрекетінен бой тартып жақсылыққа құмарлана түседі.Ертегінің әр жақты сырын қызықты тартымды бала санасына лайықтау жеткізу тәрбиешінің шынайы шеберлігіне тікелей байланысты. Ертегілер арқылы баланы жақсылыққа, батылдыққа, мейірімді болуға үйретеміз,қиялын ұштаймыз.Балалар ертегідегі батырларға ,жағымды кейіпкерлерге көп еліктейді.