Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының  "Арайлы" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли - сад "Арайлы" села Зеренда при отделе образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области

СоцСети

 www.facebook.com   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тақырыптық сағат өткізілді

29.11.2019

25 қараша – 10 желтоқсан аралығында республика көлемінде «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» атты кең ауқымды акциясы аясында бөбекжайда тақырыптық сағат өткізілді.

Тақырыптық сағат барысында меңгеруші Г.Кусаинова қатысушыларға акция туралы ақпарат берді, 25 қараша- «Халықаралық әйелдерді зорлық –зомбылықтан қорғау күні» тарихына шолу жасай отыра, республикамыздағы өткізіліп жатқан кең ауқымды акция туралы айтып кетті.

Акцияның негізгі мақсаты – әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың түрлері туралы кеңінен ақпараттандыру, отбасында орын алатын зорлық-зомбылықтың алдын алу, болдырмау және жолын кесу бағытындағы профилактикалық жұмыстарды жүзеге асыру болып табылады.

Гульмира Трумхановна әріптестерімен сенімділік, бостандық, сүйіспеншілік сезімдеріне бағытталған психологиялық тренинг өткізді. Тренинг барысында қатысушылар өз сезімдерін және ойын толық айтып, оған сараптама жасады.

Нәзік жанды болса да, рухы мықты қыз-келіңшектер осы заманда көп.  Ата-бабамыздың ертеден «қыз – елдің көркі», «жұмақтың кілті – аналардың табанының астында» деп ерекше дәріптеуі – халқымыздың әйел баласын ерекше бөліп, қоғамда орын бергенің есте сақтайық. Ардақты ана, сүйікті жар, аяулы апа-қарындас және сүйкімді қыз бола білген жанды қалай құрметтемеуге, қастерлемеуге, алақанға салмауға болады?

Ана- өмірдің бастауы, әдемілік пен мейірімділік діңгегі, мемлекеттің тірегі екендігін ұмытпайық!

Просмотров: 270


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст