Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының  "Арайлы" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли - сад "Арайлы" села Зеренда при отделе образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области

СоцСети

 www.facebook.com   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Байқау жарияланады

06.02.2023

Ақмола облысы Білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының "Арайлы" бөбекжай-бақшасы МКҚК бөбекжай әдіскері бос лауазымына конкурс жариялайды. Мекеменің мекенжайы: Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі жанындағы Зеренді ауылының "Арайлы" бөбекжай-бақшасы МКҚК Зеренді ауылы Буденный көшесі 57 "А", тел: 8-716-32-20-1-94 Біліктілік талаптары жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім бейіні бойынша жұмыс өтіліне немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білімге талаптар қойылмайды немесе тиісті бейіні бойынша педагогикалық қайта даярлауды немесе техникалық және кәсіптік білім беруді растайтын құжат, мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық жұмыс өтілі: қалалық жер үшін-кемінде 3 жыл, ауылдық жер үшін - кем дегенде 1 жыл;және (немесе) педагог-шебер үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі болған кезде мектепке дейінгі ұйымдарда педагогикалық жұмыс өтілі: қалалық жерлерде - кемінде 5 жыл, ауылдық жерлерде-кемінде 3 жыл; және (немесе) педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші үшін тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік білімі болған кезде мектепке дейінгі ұйымдарда педагогикалық жұмыс өтілі: қалалық жерлерде - кемінде 5 жыл, ауылдық жерлерде - кемінде 3 жыл.

Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясы, "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты; дидактика принциптері, педагогика, психология негіздері, тәрбие мен оқытудың жалпы және жеке әдістемелері; педагогикалық этика нормалары; еңбек заңнамасының негіздері, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрттен қорғау ережелері, санитарлық ережелер мен нормалар; әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелеу принциптері.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде мынадай құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жібереді: 1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық (сәйкестендіру үшін); 3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты жерінің мекенжайын және байланыс телефондарын көрсете отырып – бар болса); 4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (болған жағдайда); 6) "у нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама

Лауазымдық міндеттері: білім беру ұйымының қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады; оқу, оқу-тақырыптық жоспарлар мен бағдарламалар жасайды; балаларға арналған білім беру бағдарламаларын таңдауға (әзірлеуге) қатысады; жас топтары бойынша сабақтар торын жасайды; оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнын, нысандарын, әдістері мен құралдарын анықтауға көмек көрсетеді; оқу-әдістемелік құжаттаманы, құралдарды әзірлеуді, рецензиялауды және бекітуге дайындауды ұйымдастырады; инновациялық педагогикалық тәжірибені анықтауды, зерделеуді, таратуды және енгізуді қамтамасыз етеді; топтарды оқу құралдарымен, ойындармен, ойыншықтармен жасақтауды ұйымдастырады; оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысының жай-күйін талдайды; тәрбиешілер үшін сабақтар, мастер-кластар, семинарлар, жеке және топтық консультациялар, көрмелер, конкурстар өткізеді, шығармашылық топтардың жұмысын ұйымдастырады; оқу-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттердің деректер банкін қалыптастырады

Конкурсқа құжаттарды қабылдау мерзімі 07.02.2023 бастап

Конкурс өткізу орны: "Арайлы" бөбекжайы  МКҚК 

Просмотров: 162


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст