Текст
ҚР "педагог мәртебесі туралы" Заңының 15-бабына сәйкес-педагогтың міндеттері 1. Педагог міндетті:
1) өз қызметінде тиісті кәсіби құзыреттерге ие болуға;
2) оқыту мен тәрбиелеудің педагогикалық қағидаттарын сақтауға, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көзделген талаптардан төмен емес оқыту мен тәрбиелеу сапасын қамтамасыз етуге;
3) өзінің кәсіби шеберлігін, зерттеушілік, зияткерлік және шығармашылық деңгейін үздіксіз жетілдіруге, оның ішінде біліктілік санатының деңгейін кемінде бес жылда бір рет арттыруға (растауға) міндетті.
14 ақпаннан бастап біліктілік санаттарын алу және растау үшін педагогтердің құжаттарын қабылдау басталды.