Текст
Біздің "Арайлы" бөбекжайда "Зеренді аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы" ММ басшысы Ж.З. Маханов, бас маман Ж. К. Бекбаева және "Зеренді аудандық ауруханасы" ШЖҚ МКК эпидемиолог дәрігері Л. М. Сағдиева ата - аналар қауымымен және ұжымымен кездесті. Іс-шара барысында қызылша мен желшешектің жұқпалы аурулары туралы айтып, олардан сақтану жолдары туралы айтты. Уақытылы екпе алмаған балаларға ауыру қауіпі бар екендігін ескертті. Тыңдаушылар сұрақтар қойып, баяндамашылар толық жауаптар берді. Бұл ақпарат назарға алынды және таратылды.