Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының "Арайлы" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны мектепке дейінгі ұйымға балаларды қабылдауды жалғастыруда. Бөбекжайда бос орындар бар.
2023 жылғы 1 шілдеден бастап Ақмола облысы әкімінің қаулысымен Ақмола облысының мектепке дейінгі ұйымдарында тамақтану шығындарына толық көлемде өтемақы көзделген. Атап айтқанда, атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан санаттар, сондай-ақ жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балалар және көп балалы отбасылардан шыққан балалар.
Мектепке дейінгі ұйымға жолдама алу үшін ата-ананың ЭЦҚ қажет. akmola.kz сайтында мектепке дейінгі ұйымдарға жолдама алу және кезекке қою парақшасында ата-аналар кезектілікті қарап шығуға және қалаған мектепке дейінгі ұйымға жолдама алуға мүмкіндіктері бар.