Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының  "Арайлы" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли - сад "Арайлы" села Зеренда при отделе образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области

СоцСети

 www.facebook.com   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бала-біздің болашағымыз

Бала-біздің болашағымыз

Халқымызда «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» деген даналық сөздің түпкі байламы осы.

Тәуелсіз еліміздің келешек ұрпақты тәрбиелеу мәселесі-бүгінгі күннің өзекті тақырыбы. Болашақ ұрпақ тәрбиеленетін алғашқы ұя-отбасы, ата-ана құшағы

Бүгінгі күні жас ұрпақтың сана-сезіміне өз елінің, жерінің тарихы мен мәдениеті туралы алғашқы ұғымдарды кішкентай кезінен қалыптастырамыз. Балабақша-бүлдіршіндерді болашақта ата дәстүрін сақтайтын инабатты да ибалы, үлкен-кішіні сыйлай білуге үйрететін тәрбие орталығы. Өмірге келген жас ұрпақты тәрбиелеу ата-аналар мен балабақша тәрбиешілерінің қасиетті борышы. Балалық шақ және жасөспірімділік кезең-адам өміріндегі сенім, мінез-құлық сияқты басты ұстанымдарды қалыптастыратын мезгіл. Бұл мезгілде тәрбиенің басы-отбасы. Отбасында ұрпақты тәрбиелеп шығаруда басты рөл ата-анаға жүктеледі. Өйткені өмірінің алғашқы кезеңінде нәресте қоршаған ортадан бұрын ең жақын жанашырлары-ата-анасына еркелейді. Солардан үйренеді, еліктейді.. Отбасы-тұлға шындалып, шынығып қалыптасатын орын. Отбасы жағдайында баланың тұлғалық қасиеттері бірте-бірте қаланады. Осы қаланған қасиеттер, әдетте, ешқандай өзгерістерге ұшырамайды да, мызғымас тұлғалық тұтастыққа айналады. Кейбір ата-аналар баласының жағымсыз қылықтары мен жүріс-тұрыстарын айтып шағынады, тіпті, осы тұрғыда психологтардан ақыл-кеңес сұрап та жатады. Алайда, көп жағдайда ондай келеңсіздіктердің себебі ата-аналар берген тәрбиеден шығып жатады. Өйткені, сол ата-аналардың өздері бұрын түрлі қателіктерге ұрынған, психологиялық тежелістерге шалдыққан жандар болып шығады. Өздерінің қатекемшіліктерін түсінбеген ата-аналар сәбилерінің неліктен өзгергеніне қатты танданып жатады. Сондықтан да бала тәрбиесі ата-ананың өздері тәрбиелеуден, өздерін жақсы халге өзгертуден басталады. Бала тәрбиесіндегі басты алғы шарттардың бірі де осы. Бала тәрбиесі-баршаның ісі.

Мағжан Жұмабаев өзінің ұлағатты бір сөзінде былай деген болатын:

 «Баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығармай, келешек заманына лайық қылып шығару керек». Иә, Мағжан атаның даналық ойы бүгінгі күні білімді ұрпақ екенін айқындайды. Өйткені, елдің ертеңгі тірегі-жастар. Олар заман талабына сай тәрбиеленуі тиіс. Қазір қоғам ата-анадан өмірді бағалайтын бала тәрбиелеуді талап етіп қоймайды, сонымен бірге қоғам алдындағы жауапкершілігі мен міндетін терең сезіне білетін бала тәрбиелеуді талап етеді.Балаға айналадағы өмір шындығының әсері мол. Айналасындағы үлкендердің, ересек балалардың бір-бірімен қарым-қатынасы, көңіл-күй ерекшеліктері, жүріс-тұрысы, еңбек әрекеті-бәрі де балаға үлгі-өнеге. Бүгінгі балалар айналадағы болып жатқан барлық оқиғаларды білгісі келеді. Баланың тұлға болып қалыптасуына отбасынаң тәрбиесі аздық етеді. Бұл орайда бала тәрбиесіндегі балабақшаның алар орны ерекше. Себебі, балабақшаға баратын бала қоғамда өз ойын ашық айтуға үйренеді. Сонымен қатар жан-жақты жетіледі. Әсіресе, балалардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіруіміз керек. Және баланың үйде отырмай балабақшаға барғаны жөн. Өйткені бала сыртқа шықса, айналадағы ортаға үйренеді, мінезі тұйық болмайды, адамдармен тез араласады. Балабақша баланы ең алдымен тәртіпке, жауапкершілікке үйретеді. Бала тәрбиесі бесіктен басталады. Отбасындағы тәрбие мен балабақшадағы тәрбиені ұштастыра отырып, әрі қарай жақсы жолға түсуіне себепкер болады. Бұл «Балам дейтін әке болмаса, әкем дейтін бала қайдан болсын?» дегенді алға тартады. Қазақ халқында «Баланы бес жасқа патшасындай күт, бес жастан он бес жасқа дейін құлындай жұмса, он бес жастан асқан соң досындай сырлас» деген тамаша сөз бар. Бұл-мағынаны терең философиялық өмір шындығы. Адам мінезі бес жасқа дейінгі кезенде қалыптасады деседі. Ендеше, жас сәбиді алғашқы күннен бастап тәрбиелеу керек. Бала болашағы-бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның, халқының, тұтас бір ұлттың бүгіні мен ертеңін жалғастыратын алтын көпірі, асыл мұраты іспеттес.

                                                                                   Әдіскер:Жексенбаева Г.Қ

Жаңартылған күні: 19.04.2021 11:19
Құрылған күні: 19.04.2021 11:19

Текст