Дәрумендер және оның маңызы
Балаларға күнделікті қолданып жүрген дәрумендер туралы ,дәруменннің пайдасы және қауіп қатері туралы «Дәрумендер және оның маңызы» атты тәрбие сағатын өткіздім.Осы тәрбие сағатында дәрумендер туралы түсінік бердім.
Дәрумен дегеніміз не?
- Дәрумендер - балалар денсаулығының күшті болып өсуіне көмектесетін заттар. Дәруменді өсімдіктер мен жануарлар өздері бөліп шығара алады, ал адамдар бұлай жасай алмайды. Сондықтан адамдар дәруменді тамақ арқылы қабылдайды. Көкөністер мен жемістерде, басқа да азық - түліктерде көптеген дәрумендер бар. Егер бала дәруменді аз қабылдаса, ол аурушаң болып, тәбеті нашарлайды, баяу өседі. Бізге жақсы таныс жемістер мен көкөністерде дәрумендер өте көп.
-Дәрумендердің А,В,С, Д, Е деген түрлері болады. Оларды біз күнделікті ішіп жүрген тағамдарымыздан кездестіреміз.
«А» дәрумені ,асқабақта, өрікте, қызанақта, салатта, күнде ішіп жүрген айранда болады. «А» дәрумені, күнде өз тағамдарында қолданған балалардың көздері жақсы көретін болады. Бойларына күш қуат береді
«В» дәрумені балықта, картопта, асбұршақта, жаңғақта, нан өнімдерінде боламын. «В» дәруменін қолданған баланың ішкі құрылыстары, қан айналымдары күшейіп, жақсы жүгіретін болады.
«Д» дәрумені жұмыртқада, балықтың майында, сүт тағамдарында, яғни ірімшікте, қаймақта болады. «Д» дәрумені қолданған баланың сүйегі мықты болады. Қалай иілсеңдер де, сүйектерін мықты болып өседі.
«С» дәрумені орамжапырақта, алмада, лимонда, апельсинде, алмұртта болады. «С» дәрумені жеп өскен бала мықты, батыр болады. Ешқандай микробтар жоламайды.
Балалар дәрумендер туралы слайд көрді,қонаққа қоян , дәрігер келді және сурет салды,ал дәрігер балаларға дәрумен таратты.
Денсаулық сақтап, салауатты өмір сүру үшін дәруменнің пайдасынан басқа спортпен шұғылданған жөн. Денсаулығың мықты, әрі сымбатың әдемі болып өсуіміз үшін тазалықты қатар алып жүрген дұрыс. Біз балабақшада жеңіл спорттың түрлерімен күнделікті айналысып жүрміз.
Деніміз сау болу үшін міне, еш қиын емес тек бәрі өзіміздің қолымызда. Ендеше өзімді күтіп, қадағалауымыз керек. Сонда ғана дені сау, мықты, сымбатты боламыз.Осы қағидаларды ұстансақ, ешқашан ауырмайтын боламыз.
«Ақбота» ортаңғы тобының тәрбиешісі:Омарова Мадина Сапаровна